Шығыста Абай шәкірттерінің мерейтойы аталып өтті
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында ұлы ақынның дарынды шәкірттері Ақылбай Абайұлы, Көкбай Жанатайұлының 150 жылдығы, абыз ақын, Елбасына бата берген Шәкір Әбенұлының 110 жылдығы аталып өтті.
Мерейтойға орай өткізілген ғылыми, мәдени шаралар қатарында елеулі сәттердің бірі 25 жыл ғұмырын Абаймен бірге өткізген серіктес, адал досы, Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақын, ұстаз Көкбай Жанатайұлы мұражайының ашылуы болды.
Рухани орталық, шежірелі Шыңғыс аймағы, ұлылар мекені осыдан 14 жыл бұрын тағы бір мәдени ошақпен орны толған еді. 1997 жылы қыркүйек айында Көкбайдың мешіт-медресесінің көрме экспозициясы алғаш келушілеріне есігін ашса, биыл Көкбай ақынның 150 жылдығына орай экспозиция қайта жаңартылып, мұражай болып ашылды.
Көкбай Жанатайұлының туғанына 150 жыл толуына орай Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының бөлімі ретінде ашылған мұражайдың ашылу салтанатына ғалымдар, ақын ұрпақтары, облыс, аудан әкімшілігі, зиялы қауым және ауыл жұртшылығы қатысты.
Салтанатты Абай қорық-мұражайының директоры, ф.ғ.к., доцент Әубәкір Жандос Мағазбекұлы алғы сөзімен ашты.
Құттықтау сөз жазушы, журналист, қоғам және мәдениет қайраткері С.Ш.Оразалин, ШҚО әкімінің орынбасары Т.Т.Түсіпбеков, Абай ауданының әкімі Т.Ж.Мүсәпірбеков және Амангелді Ахметқалиұлы бастатқан ақын ұрпақтарына берілді.

Ақын мұражайының қазақ мәдениетіндегі алатын орнына тоқталған ШҚО әкімінің орынбасары Т.Т.Түсіпбеков: «Көкбай ақынның өзінің қолының табы бар ғимарат ерекше бағалануға тиіс. Бұл - мұралардың ішіндегі мұрасы», - деп баға берді.
Мұражайды ашу құрметі ШҚО әкімінің орынбасары Т.Т.Түсіпбеков, жазушы С.Ш.Оразалин және ҚР Президент әкімшілігі аппаратынан келген Ә.Асқаровқа берілді.
Мерейтой салтанаты Көкбай мұражайының ішін аралап, танысуға ұласты. Мұражай экспозициясы жаңадан табылған деректермен, атап айтқанда Көкбайдың өз елінде би, уездік земствосының мүшесі болғандығы туралы құжаттармен толықты. Ақынның Алаш арыстарымен байланысы, Көкбай медресесінен тәлім алған шәкірттері туралы деректер де келушілер назарына ұсынылды.
Заман талабына сай жабдықталған экспозицияның жаңадан қосылған бөлімі шәкірт бұрышы. Мұнда сол заман медресесінің шәкірттері туралы фотосуреттер, оқулықтар, пайдаланған заттары қойылған.
«Абай-ақпарат»