Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2482 0 пікір 12 Қараша, 2011 сағат 13:14

Тараздағы жарылысты жиһад жолын ұстанушы жасаған

Тараздағы жарылысқа байланысты бас прокурордың орынбасары Нұрмұханбет Исаев кешкі сағат алтыда арнайы брифинг өткізіп, Тараздағы оқиғаларға орай ресми мәлімдеме жасады. (мәлімдеменің толық нұсқасы төменде).

Ал, "Қазақпарат" агенттігі бас прокуратураға сілтеме жасай отырып, Тараз қаласында коменданттық сағат енгізілмейтінін хабарлапты. Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, Тараздағы жарылыстар облыстық ҰҚК, облыстық АХАЖ ғимараттарының және облыстық әкімшілік жанындағы "Отырар" дүкені мен орталық гастрономның маңында болған.

«Абай- ақпарат»

Баспасөз ақпараты

(Астана қаласы, 12 қараша 2011 жыл)

Бүгін, 2011 жылғы 12 қарашада 1977 жылы туылған, жихадизм жолын ұстаушы азамат М.К. Кариев Жамбыл облысының Тараз қаласында 7 адамның, оның ішінде құқық қорғау органдарының 5 қызметкерінің өліміне әкеп соққан бірқатар аса ауыр қылмыстар жасаған. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының 3 қызметкері жарақаттанған.

М.К. Кариев қарулы шабуыл жасап, оны сыртынан бақылап отырған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің екі қызметкерін өлтіргені анықталды.

Таңғы сағат 11 шамасында ол «Мазда 626» автокөлігінің иесі Т. Закировқа қарақшылық шабуыл жасап, қару қолданамын деп қорқытып, оны байлап, автокөлігін тартып алған.

11 сағат 35 минутта М.К. Кариев қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, оқ дәрімен атылатын қарудан күзетші В. Федорченконы өлтіріп, кездейсоқ келуші Н.Е. Оразбасовты оққа ұшырған.

Дүкенде қылмыскер екі жартылай автоматты қаруды («Сайга» және «СZ») оқтарымен иемденіп, «ВАЗ 21099» автокөлігін мініп кеткен, оның ізіне түскен мамандандырылған күзет бөлімінің екі қызметкері, полиция сержанты П.К. Аямкулов пен Ж.А. Байсеитовті өлтіріп, олардың табельдік қаруларын - Калашников автоматы мен Макаров тапаншасын алып кеткен.

Көрсетілген әрекеттерді жасағаннан кейін М.К.Кариев өзінің тұрғылықты жеріне барып, өзімен бірге РПГ-26 гранатометін алып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті ғимаратының қабырғалары мен терезелеріне гранатометтен бір рет, автоматты қарудан бірнеше рет атқан.

Бұл жерде адамдар қаза болған жоқ, қиратулар орын алмаған.

Қылмыс жасаған орыннан жасырынып, М.К.Кариев 12 сағат 45 минутта атты полиция патрулінің екі қызметкерін жарақаттаған.

13 сағат шамасында қылмыскер жарақат алып, оны жол полициясының дербес батальонының қызметкерлері ұстаған.

Осы кезде М.К. Кариев өзін-өзі жарып, осының салдарынан оны ұстаған взвод командирі, полиция капитаны Г.Байтасов қаза болған. Ұстау барысында орын алған атыста полиция сержанты С.С. Алашев жарақат алған.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрі бастаған арнайы ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, ол Тараз қаласында істі тергеуге кірісті.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

;hl=ru_RU" />;hl=ru_RU" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522