Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2237 0 пікір 14 Қараша, 2011 сағат 12:21

Тараздағы оқиға діни экстремизм мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отырғанын көрсетті - ҚМДБ

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ - Алматының орталық мешітінің бас имамы Құлмұхаммед Маханбет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) атынан 7 адамның өліміне соқтырған Таразда болған лаңкестік оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

«Кеше ғана Таразда орын алған оқиға діни экстремизм мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отырғанын көрсетті», - делінген Алматының орталық мешітінің бас имамының дүйсенбі күні мешіт сайтында жарияланған мәлімдемесінде.

«Өкінішке қарай, кейбір адамдар қандай да бір себептермен осы оқиғаны даурықтырып, ҚМДБ-ны айыптауды жалғастырып жатыр. Біз бұл мәселеге қатысты өз ұстанымымызды лаңкестіктің кез келген түрін қатаң сынға ала отырып, бірнеше рет білдіргенімізді айтқым келеді», - деді Қ. Маханбет.

Оның айтуынша, ислам, әлемдегі басқа да діндер сияқты, лаңкестік пен айыпсыз бейкүнә адамдарды өлтіруге қарсы.

«Лаңкестік актілер кезінде әр түрлі дін өкілдері қаза болады, оның ішінде мұсылмандар да. Осылайша, лаңкестік акті жасаған адам өзін ғана емес, дін жолындағы өзінің бауырластары мен қарындастарын да өлтіреді. Ал Алла болса: «Егер дінге сенушіні біреу әдейі өлтірсе, ол мәңгіге дозаққа түсіп, Алла оған кәрін төгіп, қарғыс аттырып, оған үлкен азап көрсетеді», - деп түсіндірілген мәтінде.

Сонымен қатар ол кейбір коментаторлар танымал веб-сайттарда «барлығын сақалдарын қырып тастауға», «намаз оқуға және әйелдердің мұсылман киімін киюіне тыйым салуға» шақыру арқылы дінаралық төзімсіздіктің дәнін себуде екенін атап өтті.

Интернет ресурстардың модераторлары осынау ауыр сағаттарда оларға жүктелетін жауапкершілікті сезінуі тиіс, және коментарийлерді модерация жасағанда осындай пікірлерге жедел түрде шара қолдануып отыруы тиіс», - деп атап көрсетті ол.

Қ. Маханбет дін өкілдерінің атынан қаза болғандардың отбасы мен туған-туыстарына шын ниетімен көңіл айтты.

«Ислам - бейбітшілік діні, онда лаңкестік пен экстремизмге жол жоқ. Ислам еш күнәсі жоқ балаларды жетім етуге, ал әйелдерін жесір етуге шақырмайды. Және олар да мұсылмандар екенін ұмытпаған жөн», - деп тұжырымдады ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534