Орыс тілді БАҚ ұлттық құндылықтарға тағы да тас атты...
Қазақ мемлекеттілігіне және оның тіні мен діңі болып саналатын алаш ұлтымен санаспау тек ресейлік БАҚ-тың ғана емес, өзіміздегі орыс тілді БАҚ-тың да басты бағыты екені белгілі. Мұны олар қазақты ақпараттық тәуелділікте ұстаудың негізгі концепциясы ретінде ұстанады. Қазақ жайында жағымсыз ақпарат тарату не іштен, не сырттан еш толастамай отыр. Бұрын аталған қос БАҚ осы бағытта тек қазақстандық өзге ұлт өкілдерін ғана үргізсе, енді қазақ қыз-келіншектерінің қолымен от көсеушілікті бастап отыр.
Неоотаршылардың итаршылары ұлтымыздың ешқашан нәзік жандылармен бет жыртыспайтын ғадетін жақсы біледі. Сондықтан Ботагөз Датхабаеваның: «Тарихты бұрмалағаны үшін нацистік көңіл-күймен күресу қажет//С нацистскими настроениями необходимо бороться, как и с искажениями истории!» атты сұхбат алушы авторы көрсетілмеген материалдың астарында ашық арындатушылық жатыр. Ал Нәзгүл Әбжекенова қарындасымыздың «Нигериялық пен орыстың ұлы қалайша нағыз қазақ атанды//Как сын нигерийца и русской стал настоящим казахом» атты мақаласы жайында бұлай дей алмаймыз. Өйткені, редакциялық тапсырыспен жазылған материалдың астарында аралас некеге деген қазақи көзқарастың тамырын басып көру жатыр.
«Қазақстандық ұлт» идеясын ұстанушы азшылық жергілікті салт дәстүрді тәрк ететін солшылдар мен інтернәтсәнәлдар көптен бері күш біріктіріп, ұлттық салт-дәстүрді әм құндылықтарды тәрк етпейтін ұлттық көпшіліктің либералды көзқарастағыларын – нацаттар, радикалды көзқарастағыларын – қазақофашистер деп атандыра бастады. Олардың көзқарасынша бұл екеуінен бөлек қолынан ештеңке келмейтін өмір сүруге икемсіз, өзі жалқау үшінші топ бар. Бұған жататындар билікке бас шұлғыған надан да, орыс тілін білмейтін сауатсыз, көп бала тауып мемлекет мені асырасын деген тоғышарлар екен-мыс. Оларды ресейлік ақпараттың құлақ кесті құлына айналдыруды естен шығармауымыз керек деген бір саусағы бүгулі сасық қулықтың да құлағы қылтияды. Әм билікті жамандаудың оны қазаққа қадірсіз етудің небір сасық қулықтарына басады. Әрі орысқа бағынған кезде сендерде жердегі жұмақ орнаған еді, енді билікке өз қандастарың келіп, АҚШ, Қытайдың әм Батыстың, яғни халықаралық капиталдың жемтігіне айналдыңдар, бұдан сендерді Ресей ғана құтқара алады деген идеологияны тықпалайды.
Бірі – ділдік рухымызға тиіссе, екіншісі – елдегі орныққан қоғамдық саяси ахуалға кері бағалаулар жасайды. Жасыратыны жоқ, біздегі орыс тілді БАҚ-ты Мәскеудің жасырын қаржыландырып отырғандары да еш құпия емес.
Ресей идеологиясы қолтығына су бүріккен, алақанына доллар қыстырған Ehonews.kz өз мақаласын: «Соңғы кезде қазақ інтернет сегментінің әулеуметтік желісінде ұлтшылдықтың қылаң беруіне, русофобия мен түрлі ксенофобиялардың көрініс беруіне әм еліміздегі шетел капиталының зорлық-зомбылығына қарсы солшыл күштердің белсенділерінің және кәмөнестік көзқарастығылардың әлеуеті зор белсенділігі байқала бастады. Ботагөз Датхабаева тап сондай белсенділердің бірі елімізде орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық және саяси құбылыстарға қатысты өзіне «Эха Казахстана» қойған сауалдар бойынша сұхбат беруге бәлсінбей келісті» деп бастайды.
– Э.К. Қазір солшылдар арасында посткеңестік кеңістікте неонацизм бас көтеріп, мемлекет есебінен антикәмөнестік фильмдер түсірілуде деген сөздер айтылуда. Қазақфильмде бюджет ақшасына Мұстафа Шоқай туралы фильм түсірілген, одан кейін оған Қызылордада ескерткіш тұрғызылған, біздің елдегі декәмөнестену мен ұлтшылдыққа, кеңестік дәуірдегі қайраткерлердің ескерткіштерін алып тастауға, мыңдаған көшелер мен елді мекендердің атын өзгертуге, «голодоморды» мойындауға шақыруға Сіз қалай қарайсыз? Осы үрдіске қазақстандық солшылдар мен кәмөнестер қасқая қарсы шығуға тиіс пе?
– Б.Д. Сіз саусағыңызды бүгіп санамалаған барша құбылыстар мен нацистік көңіл-күй жоғарғы мінберлерден насихатталатын антикеңестік яғни, барша әлемдік неолиберализмге тән заңдылық. Бұл олигархаттың өз билігін сақтап қалуы үшін күресінің қолындағы шоқпар. Адамдарды ұлттық, нәсілдік, діни әм тілдік бөлушілік – өмірлік іс-тәжірибедегі «бөліп ал да, билей берліктің» сыннан өткен тәсілі.
Адамдар бірін-бірі иттің етінен жек көрген шақта оларды кез келген нәрсеге қатысты бір-біріне айдап салып өзгенің қолымен от көсеушілік өз мақсатыңа жетудің оңай жолына айналады. Қордайдағы астаң-кестең топлаңшылдық ұлтшылдықтың бейкүнә сәби емес, Қазақстан нацистік актіден өзін сақтап қала алмайтындығын дәлделеп берді. Өзге ұлттан өзінің әлеуметтік теңсіздікке ұшыратқан жауыңның әм күнәкарының бейнесін көрушілік, нарықтық экономика моделіндегі өмірден өз орнын таба алмаған әлеуметтік кембағалдығының шынайы себептерінен жұртты аулақтата түседі.
Бүгінгі элита халықтың бойына барлық кеңестік, кәмөнестік құбыжықтығының үрейін ұялатып, социализм идеяларынан бойын ала қашқызуды санаға сіңіріп отырғаны, социализмнің – бүгінгі тәртіпті жоққа шығарушылығы. Билік үшін өмірлік қажеттілік – капитализмге балама жоқтығына елді кәміл сендіріп, социализмді – қараңғы түнек, тоталитаризм, құлдық, дефицит, қуғын-сүргін, демократия мен азаттықтың темір бұғауы деп таныту. Сондықтан, КСРО-ға «Зұлымдық империясы, халықтар түрмесі» деп күйе жағатын фильмдер түсіріп, кеңестік «режіммен» күрескен қайраткерлерді көккке көтере дәріптейді.
Барлық елдер мен халықтардың тарихы билік тарапынан жіберілген трагедияға толы, сондықтан тылсым күшке арқа сүйеп, бірақ сермеп, оның орынын толтыратын сиқырлы таяқ ешкімнің қолында жоқ. Әр нәрсенің өз қарама-қайшылығы да бар. Дәуріге баға берген шақта біржақтылыққа бармаған ләзім. Бірақ та бүгінгі үгіт-насихат кәмөнестік идеяны тәрк етіп, барлық кеңестік құндылықтарды тас түнек әм зұлымдықпен кіндіктестіріп халық санасында орықтыруға қолдан келгеннің бәрін жасауда.
Солшыл көзқарастағы әм барша саналы азаматтар осындай процеске қасқая қарсы тұруға тиіс. Әрі тарихты бұрмалағаны үшін нацистік көңіл-күймен күресуі де қажет. Ақиқат үшін күресу – әр адамның борышы. Маркс адамзат баласының өз басынан кешірген әр қоғамдық құрылысы тарихи қажеттілік, капитализмнен кейін ешкім қашып құтылмайтын социализм салтанат құрады деп дәлелдеп кеткен болатын. Сондықтан билікшіл саяситехнологтар қанша жерден барын сала құлшығанымен, тарихи үрдісті өзгерте алмайды. Оның үстіне ақиқат жеңіске жетуі үшін бәріміз ақыр соңына дейін күресуге тиіспіз.
– Э.К. Биылғы жылы Ленин мен Калинин қол қойған Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылғанының 100 жылдығы атап өтіледі. Бірақ өткен парламент отырысында «Ақ Жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев ел атын өзгертуді ұсынып қана қойған жоқ, сонымен бірге Колчак жағында соғысқан өз мемлекетін құрған алашордалықтарды да ескеру қажеттігін алға тартты. Бұл ұсынысқа сіз қалай қарайсыз, осындай тарихи ауыс-түйіс орын ала ма?
– Б.Д. Мен сіздің бұл тарихты бұрмалауға тырысушылық деген көзқарасыңызға толық қосыламын. Біріншіден, алашордалықтар ешқашан ел тәуелсіздігі үшін күрескен жоқ, тек Ресей империясы құрамындағы автономия құрмақшы болды. Екіншіден, Алаш автономиясының көлемі бүгінгіден де ауқымды еді. Шоқайша, Ресей империясы құрамындағы Түркістан автономиясына бүгінгі Қазақстанның Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары, Өзбекстан, Түркіменстан, Қыргызстан және Тәжікстанның солтүстік бөлігі енуі қажет деп саналды. Бұл арада ешқандай да тәуелсіздікке талпыныс та, бүгінгі Қазақстанның аумағының айқын нышан-белгісі де еш қылаң бермейді.
Атап айтарым, қазақ халқы өз жолын таңдап, социализмді қалап алды, өзінің дербес билігін, еңбекшілер билігін орнатты. Сол себепті, Алаш пен Түркістан автономиялары жоқ болды. Халыққа ұлттық элита кейіпіндегі жатып ішерлердің керегі болмады. Жұртшылыққа азаттық, өзін-өзі басқару керек болғандықтан, нағыз бостандық үшін өз таңдауын жасады.
Бәлшебектер ұлттық мәселені 1903 жылғы бағдарламасында нақты тұжырымдап, ұлттың өз еркімен бөлініп шығу құқығын уәждады. Бәлшебектер партиясы қағидаттық тұрғыдан халықтың өз азаттық таңдауын жасауын ұсына алды. Қазақстанның бүгінгі тәуелсіз ел болуы әм қазіргі шекарасына ие болуы Ленин мен оның серіктерінің арқасы екендігін тарихи әділеттілеттікпен әм ақиқаттықпен мойындауға тиіспіз.
Қыздарымыздың жатқа тұрмысқа шығуы «ұлттық трагедия» деп санайтындар басым көпшілікте, бірақ аралас некені қолдаушы солшыл күштер мен ітернәтсәналдар бұны азаматтық қоғамға тән ұлттық жетістік деп санайды.
Енді осы көзқарастағылар аралас некені насхаттаудың жаңа жолын тауыпты. Әрі оны марапаттаған пиар мақалада қазақ тілді отбасынан шыққан шыққан Айдананың аты-жөні айтылмайды, алматылық Даниэль ДАНЛАДИ-БВАЙ-ға тұрмысқа шыққанын зәңгіге қатысты біржақтылықпен егжей-тегжей жазады. Мақалада айтылмақ ой төмендегідей. Қазақтан қыз алған зәңгілер өмір салтымызға еніп, қазақ тілді қандастарымыз бұны «ғашықтың тілі – тілсіз тіл» деп қалыпты құбылыс санай бастады-мыс.
Шетелдіктерге қазақ қыздарына үйленіп, қазақтануға үндегендей сияқты көрінгенімен, астарында аралас неке арқылы африкалық үйленуді ақтау жатыр. Орысқа қыздары тисе үрке қарайтын қазақ, зәңгіге қыздары шықса қыңқ етпесін деп әдейі қазақ тілін кейін меңгерген қазақ отбасын таңдап алған сыңайлы.
Автор кейіпкері аузымен Қазақ пен Нигерияның Рон тайпасының ұқсастықтарын салыстырып, екеуіде жылқыны құрмет тұтады, той жасағанды ұнатады және қалыңмал төлейді, рушылдығы деген кермет деп төрт ұқсастықпен екі халықты жақындастырып қояды.
Бәр мәселе мақаланың соңында бұғып жатқанды мына жолдардан аңғарылады. Әрі қазақтың күйеу баласы атанған алматылық Даниэльдің ана тілі орыс тілі. Ол қазақты дәстүрге басқа қырынан қарауға, одан Тәңіршілідік қалдығын іздеуге шақырады.
Нәзгүл қарындасымыздың феменистік мақаласы «Даниэль, которого по праву можно назвать күйеу бала всего казахского народа. Жарайсың, қара бала!» деп аяқталады. РФ барлауы қыз-келіншектер арқылы қазақ бірлігіне сызат түсірудің жаңа саяси щабуылын бастады. Бұған қарап отыруға еш болмайды.
Түйін. Біздің билік пен идеология саласындағылар осындай бірі – ашық, бірі – жасырын ақпараттық арнадатушылық жасап жүргендер отандық БАҚ ауыздықтау үшін батыл қадам жасап, елімізде ұлттық мемлекет құрылып жатқандығын ашық мәлім ететін кез келді. Ресей басылымдарының қазақ еліндегі қосымшаларын жабуымыз керек. Әйтпесе бәрі кеш болады. Ресей қазақ ұлты туралы ауызына келгендерін көкитіндерге бір шара қолданатын сәт туды. Бірақ билік пен идеология саласындағылар темірді қызған кезінде соқпай отыр.
Жалпы, қазақты аштыққа ұшыратқан, тілдік этногеноцидтік үстемдік орнатқан, сүт бетіндегі қаймақтарын қырып салған таптық фашизмді насихаттайтын Коммунистік партиялар мен солшыл қозғалыстарға Заңмен тыйым салатын дәуір туған сияқты. Сіз бұған қалай қарайсыз, ағайын!
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz