Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2048 0 пікір 14 Қараша, 2011 сағат 12:23

ҚР СІМ Таразда 12 қарашада болған теракт кезінде қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) 12 қарашада теракт кезінде қаза болған полиция, ҰҚК қызметкерлерінің, Тараз тұрғындарының отбасыларына көңіл айтады, деп хабарлады СІМ ресми өкілі Алтай Абибуллаев.

«Біз Таразда қызметтік міндеттерін жүзеге асыру барысында ерлікпен қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз», - деді дүйсенбі күні брифингте сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі.

«Біз бұл қылмыстарды үзілді-кесілді сынға алып, терроризм мен экстремизмнің кез-келген түрлеріне қарсылық білдіреміз және аймақ (Орталық Азия - ҚазТАГ) елдері мен халықаралық қоғамдастық осы қылмыстардың кез-келген құбылыстарымен күрес бойынша бірлескен шараларды күшейтуге тиіс деп есептейміз», - деді СІМ өкілі.

Журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында А.Абибуллаев ҚР СІМ-іне болған оқиғаға байланысты дипломатиялық арналар бойынша көңіл айту жеделхаттары келмегенін айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы «Қырғызстанның қолға алып жатқан шаралары» туралы, мемлекеттік шекарада шекара режимі күшейтілгені туралы БАҚ-тан біліп отыр.

Сонымен қатар, СІМ-де Қырғызстанның өз жағынан шекараны жабатыны туралы ақпарат жоқ.

Мұның алдында хабарланғандай, сенбі күні Таразда қылмыскерді залалсыздандыру кезінде 7 адам қаза болды. Оның ішінде 3 полиция мен ҰҚК-нің 2 қызметкері бар.

Сенбі күні таңертең, бас прокуратураның мәліметтерінше, жихадшыларды қолдайтын 34 жасар Мақсат Қариев Таразда бірқатар ауыр қылмыс жасады.

Атап айтқанда, ол оны сыртынан бақылап жүрген Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-сінің екі қызметкерін өлтіріп, сағат 11 шамасында жергілікті тұрғынның Mazda-626 автокөлігін тартып алып, 11:35-те қару-жарақ дүкенінің сатушысы мен дүкендегі кездейсоқ адамды өлтіріп, дүкенін тонап, жартылай автоматты «Сайга» және «CZ» мылтықтарын оқтарымен алып кеткен.

Одан соң қылмыскер тағы бір ВАЗ-21099 автокөлігін тартып алып, соңына түскен арнайы күзет қызметінің екі қызметкері - полиция сержанты П. Аямқұлов пен Ж. Байсейтовты атып өлтіріп,  олардың табелдік қарулары - Калашников автоматы мен Макаров тапаншасын алған.

Одан басқа, ол РПГ-26 гранататқышпен және автоматпен облыстық ҰҚКД ғимаратын атқылап, оқиға орнынан жасырыну барысында 12:45 шамасында екі атты полицейді жарақаттаған.

Қылмыскер өзін жарып жіберген сағат 13 шамасында ІІД жол полициясының жеке батальон взводының командирі полиция капитаны Ғ. Байтасов қаза болды.

Қылмыскермен атыс кезінде жарақат алғандардың арасында полиця сержанты С. Алашев та бар.

ҚР ҚК 96 бабының 2 бөлімі (екі және одан көп адамды өлтіру) және 233-ші бабы (терроризм) бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеумен Таразда орналасқан арнайы құрылған ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың жетекшілігіндегі ведомствоаралық оперативті-тергеу тобы айналысуда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5533