КО мемлекет басышларының саммитінде бірқатар құжаттар қабылдану жоспарлануда – ҚР СІМ
Астана. 14 қараша. ҚазТАГ - 18 қарашада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кеден Одағына кіретін мемлекет Басшыларының келіссөздеріне қатысу мақсатында Мәскеуге барады, деп ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев дүйсенбі күнгі брифингте мәлім етті.
«Кеден одағына кіретін елдердің басшылары үш елдің Бірыңғай экономикалық кеңістік халықаралық келісім-шарты пакетінің 2012 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енуіне байланысты еуразиялық кеңістіктегі интеграцияның көкейкесті мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді.
Кездесудің күн тәртібінде Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің Кеден одағы қызметінің көкейкесті мәселелері бар.
Басқосу барысында ықпалдасудың келесі сатысына көшу жөніндегі біріккен жұмыс назарда болады. Атап айтсақ, Еуразиялық экономикалық одақ, ықпалдасу үдерістеріндегі ұлтаралық органдарының басқаруын жетілдіру.
Бұдан бөлек, үшжақты кездесу барысында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін түбегейлі маңыздылығы бар - Еуразия экономикалық ықпалдастық туралы Декларация, Еуразия экономикалық комиссиясы туралы Келiсiм-шарт және Еуразия экономикалық комиссия жұмысының тәртібі сияқты құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі дүйсенбі күні жариялаған хабарда.