Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1908 0 пікір 15 Қараша, 2011 сағат 09:30

Қазақстанның ТЖМ «Қыс 2011» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуде

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар минстрлігі «Қыс 2011» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуде, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі 2011 жылғы 15-16 қарашада «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында «Қыс 2011» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізеді», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҚР ТЖ министірі В.К. Божко басқарған басшылар штаб Қарағанды қаласында болады.

Қысқы кезең республикамыздың көптеген өңірлерінде аса төмен температура, дауылды жел тіркелгенде, жауын-шашынның көп жауғанда барлық жедел ден қою қызметтері дайындығының жоғары деңгейін талап етеді.

Сондықтан өткізілетін оқу-жаттығудың негізгі мақсаттары - Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесі мен халықтың қысқы кезеңде ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындығының және қабілеттілігінің деңгейін арттыру.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың көлік магистральдері мен тіршілік ету объектілерінің жұмыс істеуі бұзылған жағдайда бағынысты күштерді басқару бойынша іс-қимылдарын, сондай-ақ АҚ және ТЖ басқару органдарының авариялар мен дүлей зілзалалар салдарын жою жөніндегі мүдделі үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдарын пысықтау жоспарлануда.

Бұдан өзге оқу-жаттығулар барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін алдағы қысқа дайындау іс-шараларының орындалуы, электр және жылу жүйелерінің дұрыстығы, авариялық-құтқару қызметтер мен құралымдарының республика жолдарындағы ТЖ жою үшін техникалық жарақтандырылуы, жанар-жағар май материалдарының, энергия жабдықтау көздерінің резервтік запастары тексерілетін болады.

Елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің қар көшкіндерінен, өзендердегі сеңдер мен тығындардан қорғалуын қамтамасыз ету үшін ТЖ туралы хабардар ету жүйесі практикалық тұрғыда пысықталады.

«Қыс 2011» РКШО шеңберінде тұрғын секторында зымыран тасығышының құлауы нәтижесіндегі ТЖ салдарын жою, ЖЭО-3-тегі авариялық ахуалды, тазарту құрылыстарына күшті әсер ететін улы заттарды шығарындыларын жою, борасын қарларда адамдарды іздеп, оларды құтқару бойынша арнай-тактикалық жаттығулар өтеді.

Оқу-жаттығу барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері практикалық тұрғыда пысықталады, авариялық-құтқару қызметтер мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға жедел ден қоюға әзірлігі тексеріледі.

АСТАНА, 15 қар - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550