Түрік саясаткерлері Н.Назарбаевқа арнап пост жазып жатыр
Түркияның беделді саяси партияларының жетекшілері Нұрсұлтан Назарбаевтың сауығып кетуін тілеп жатыр екен. Бұл туралы ақпаратты «Егемен Қазақстан» газеті АҚ Басқарма төрағасы, Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі бөлісті.
«Түрк дүниясының Елбасыға айрықша құрметпен қарайтыны белгілі ғой.
Бүгін індет жұқтырғанын естіп, Түркияның белді партияларының жетекшілері мен белгілі саясаткерлері твиттер желісі арқылы көңілін сұрап, тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр екен. Бұл тілектердің астына жүздеген қарапайым тұрғындар өздерінің ізгі лебіздерін жазып қалдыруда», - деп жазды Ол.
Abai.kz