Қазақстан халқының саны 2011 жылдың 9 айына 16,6 млн адамға дейін 1,1%-ға өсті
2011 жылғы 1 қазанда еліміздегі халық саны ағымдағы деректер бойынша 16 миллион 615,1 мың адамды құрады, деп хабарлады республиканың статистика жөніндегі агненттігі.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қалада - 9 миллион 73,8 мың (54,6%), ауылда - 7 миллион 541,3 мың адам (45,4%) тұрады.
«Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи қозғалысы 170,6 мың адамды құрады (2010ж. қаңтар-қыркүйекте - 164,8 адам). Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 халыққа 13,7 (13,5) адамды құрады», - делінген статистикалық агенттіктің хабарламасында.
Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте АХАЖ органдарында 280,4 (274,5) туылғандар тіркелген, бұл 2010ж. қаңтар-қыркүйекке қарағанда 2,2% артық. Осы кезең ішінде 144,5 мың ұл және 135,9 мың қыз дүниеге келген немесе 100 қызға 106 ұлдан. 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда ұлдар 2,2%, қыздар - 2,1% артық туылған. «1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті өткен жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейде қалды және 22,6 туғандарды құрады», - дейді статистиктер.
Елімізде ағымдағы жылғы 9 айында өлгендер саны 109,8 мың (109,7 мың) адамды құрады, соның ішінде 60,5 мың ерлер, 49,3 мың әйел немесе 1000 әйелге 1227 еркек.

«Халық өлімінің негізгі себептері арасында айтарлықтай үлес салмақты қан айналымы жүйесі аурулары алады - 37,6%-ы (45,3%) тиесілі. Жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан өлгендер саны 12,8 мың (13,3 мың), олардың ішінде өлтіруден - 1,2 мың (1,1 мың), өзін-өзі өлтіруден - 2,7 мың (2,8 мың) және жол-көлік оқиғаларынан өлгендер 2,4 мың (2,4 мың) адамды құрады. Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,9 (9,1) құрады», - деп атап көрсетілген хабарламада.
Республикада 1 жасқа дейінгі 4197 (4655) нәресте өлімі тіркелген, оның ішінде 2395 (2705) ұлдар және 1802 (1950) қыздар. Нәресте өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 15,0 (17,3) өлімді құрады. Нәрестелер өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйекте 2458 (2801) нәресте өлген немесе нәрестелер арасындағы өлім жағдайының жалпы санынан 58,6%-ы (60,2%).
Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте некеге тұрғандар саны 8,8%-ға өсті және 115832 құрады (2010ж. қаңтар-қыркүйекте - 106457), некенің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 9,3 (9,1) құрады. Ажырасулар саны да 6,5% өсті және 33319 (31284) құрады, ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 2,7 (2,6) құрады.
Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізде халық көші-қонының оң айырымы қалыптасып, 2480 (9322) адамды құрады. 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 7,0%-ға азайды, ал Қазақстаннан кеткендер саны 24,5%-ға көбейді.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. Ел ішіндегі қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 3,4%-ға азайды. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды, оның ішінде шамасы бойынша ең көбі Астана (22,7 мың адам) және Алматы (16,6 мың адам) қалаларында.
АСТАНА, 16 қар - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.kz