Бейсенбі, 22 Қазан 2026
2867 0 пікір 21 Маусым, 2020 сағат 12:36

Н.Нығматулин медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздің денсаулық сақтау саласының өкілдерін Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады.

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттарының атынан құттықтауды өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында жариялады.

«Мәжіліс депутаттары атынан медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Бүгін өзім ауруханада ем қабылдап жатқанда, дәрігерлер мен медбикелердің індетпен күрескеніне куә болдым. Сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз! Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін!» - деп жазды Мәжіліс Төрағасы.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, Медицина қызметкерінің күні бүгінгі таңда нағыз жалпыхалықтық мерекеге айналды. Әрбір дәрігердің халықтың денсаулығын қорғау жолындағы қосқан үлестері орасан зор.

Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстандықтардың дендеріне саулық және амандық тіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1145
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1593