Сенбі, 23 Қараша 2024
2303 7 пікір 22 Маусым, 2020 сағат 10:56

Постсоветтік елдің бірқатар басшылары Мәскеудегі парадқа барудан бас тартты

Түркіменстан, Әзербайжан басшылары және Арменияның премьер-министрі келесі аптада Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына барудан бас тартты.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 29 маусымда пайғамбар жасы - 63 жасқа толатынын, мұны отбасы мүшелерімен атап өту маңызды екенін айтып, түсіндірген. Бердімұхамедовтің айтуынша, егер ол Ресейге барса, Мәскеуден келгеннен кейін карантинде болуына тура келеді. Азаттықтың Түркімен қызметінің жазуынша, Бердімұхамедов пен үкіметі осыған дейін коронавируспен байланысты сақтық шараларын сақтамаған.

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян жұма, 19 маусымда елде коронавирус ахуалы ушығып кеткенін айтып, парадқа барудан бас тартты. "Эпидемиологиялық ахуал сапарлауға мүмкіндік бермейді" делінген Путинге жіберілген хатта.

Бейсенбі күні бұған дейін Мәскеудегі парадқа баруға ықылас білдірген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев те парадқа барудан бас тартты. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

Бұған дейін Чехия президенті Милош Земан да елдегі күрделі эпидемиологиялық ахуалды алға тартып, сапардан бас тартқан.

Қазіргі кезде Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Сербия, Тәжікстан, Өзбекістан басшыларының парадқа қатысатыны белгілі.

Мәскеуде Жеңіс парады 24 маусымда өтеді. 11 маусымда Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров оған 12 мемлекеттің басшысы (басым бөлігі ТМД-дан) қатысады деп айтқан.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475