Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2012 0 пікір 17 Қараша, 2011 сағат 07:00

«Ұлы Дала» қозғалысының мәлімдемесі

«Ұлы Дала» республикалық қозғалысының

Тараз қаласында орын алған лаңкестік оқиғаға байланысты

МӘЛІМДЕМЕСІ

2011 жылдың 12 қарашасында қазақтың екі мыңжылдық тарихы бар, сәулетті шаһарларының бірі Тараз қаласында орын алған оқиға ешкімді бейжай қалдырған жоқ. Аталған лаңкестік оқиға біздің қоғамға жасалған үлкен соққы болды.

Бұл оқиға айрандай ұйып отырған қазақ қоғамын үркіту мен қорқыту арқылы, ел ішіне іріткі жасау үшін ұлтымызға қас күштердің астыртын жасаған жабайы әрекеті деп есептейміз.

Жазықсыз адамдардың өліміне алып келген мұндай лаңкестік іс-қимыл - адамзат өркениетіне, қазақтың табиғатына жат, ең озбыр һәм қатыгез қылмыс. Мұндай әрекеттерге ең таза, ең әділ һақ дініміз - Исламның атын жамылып, өз қандас-бауырын өлімге қиюға дейін баратын қазақ азаматтарының көптеп тартылып жатқаны бізді қатты алаңдатып отыр.

Бұл оқиға діни экстремизмнің шекарасы мен мемлекеті жоқ екенін тағы да бір дәлелдеп берді. Әлемді үрей құшағына бөлеп отырған мұндай лаңкестік қимылдар қазақ жеріне келгені аса өкінішті.

«Ұлы Дала» республикалық қозғалысы діни экстремистің қолынан қаза тапқан азаматтардың жанұялары мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Осы ретте «Ұлы Дала» республикалық қозғалысы Қазақстан аумағында болып жатқан осындай іс-әрекеттерге барша азаматтарды тойтарыс беруге шақырады.

«Ұлы Дала» республикалық қозғалысы ұлтқа қауіп төніп тұрған осындай шақта, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың лаңкестік оқиғалардың қайталанбауы үшін тізе қосып, бірлесе қимылдауы қажет деп біледі.

«Ұлы Дала» республикалық қозғалысы ұлт қауіпсіздігіне жауапты мемлекеттік құрылымдардан мұндай әрекеттердің болдырмауын қадағалап, Қазақстанда орын алған лаңкестік әрекеттерге қатысты күштерді анықтап, қатаң жауапкершілікке тартуын талап етеді.

«Ұлы Дала» республикалық

қозғалысының жетекшілері

Кеңес Ақаев,

Ізбасар Бозаев,

Айдос Сарым

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512