Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2714 0 пікір 17 Қараша, 2011 сағат 12:23

Қазақстан жөніндегі діни жолсілтемені итальяндық мамандар құрастырды

Астана. 17 қараша. ҚазТАГ - Астанада 28 қарашада итальяндық мамандар дайындаған «Қазақстан бойынша жолсілтеме. Діни жерлер - Тарих жерлері» атты томның таныстырылымы өтеді, деп Қазақстандағы Италия елшілігінен хабарлады.

«Қазақстанда тұңғыш ұсынылып отырған осы жолсілтеме  ағылшынша басып шығарылған ерекше еңбек және діни туризм мен жалпы Қазақстандағы дін тарихымен қызығатындарға арналған. Ол Қазақстан территориясындағы әр түрлі діндердің ескерткіштері мен храмдарына, діни табынушылықтың ерекше маңызды орындарына шолуды қамтыған. Ол орындар әл күнге діни табынушылық орындары болып келеді», - делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.

Бұл жинақ Қазақстанның діни және әлеуметтік тарихы саласындағы бұдан да ауқымды «Қазақстандағы дін және қоғам: ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы институттар мен діни рәсімдер» атты баспа жобасының бір бөлігі болып табылады. Жоба қазақстандық ғалымдар және академиялық мекемелердің ынтымақтастығымен Италияда жасалған және оны италиялық «Эни» компаниясы қаржыландырған.

Осы жоба аясындағы алғашқы үлкен том «Қазақстан: Орталық Азиядағы дін және қоғам» атымен жарық көрді.

Аталған шара Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау аясында Қазақстандағы Италия елшілігімен, италиялық  «Эни» компаниясымен, Виченца қаласындағы италиялық тарих институтымен және «Назарбаев Университеттің» қолдауымен ұйымдастырылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1306
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2865
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 961
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 897