Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 8955 8 пікір 23 Маусым, 2020 сағат 14:37

Қазақпен санасу дәуірі басталды...

Бүгіндері ТМД геосаяси картасынада қазақты басыну саясаты аяқталып, қазақпен санасу дәуірі бастады десек те, «Бұған көнгісі келмегендердің көздегені не?» деген сауал туындайды. Балақтағы битіміз басымызға шығып, 30 жыл бойы бізді кім басынбады дейсің?

Осы орада Чайнтаун синдромы (Chinatown syndrome) асу бермес асқарға айналды. Келер жылы аманшылық болса, Тәуелсіздік алғанымыздың 30 жылдық трагедиясын атап өтеміз. Неге трагедия, неге қуанышты мерейтой емес. КСРО билеушілері «кез келген империяның ғұмырының мәңгілік емесін» жақсы түсініп, Орталық Азияның қақпасы саналатын қазақ ұлтына этникалық геноцид пен лингвафашистік саясат (орыс дәстүрлі 42 әріптік қазақ әліпбиі) ұстанып, 1930 жылдан бастап ана тілін білмейтін қазақтар мен қазақ тілін керек қылмайтын дисапорларды Қазақстан аумағында қалыптастырып, ұлттық мемлекет құрушы ұлттың жуық арада емдеп жазылуы қиын «Чайнтаун синдромын» өмірге әкелді.

Большевиктер АҚШ тұрып, ағылшындық салт-дәстүр мен ділді әм мәдениетті еш мойындамайтын зәңгі, латинос және қытай этникалық-дисапоралық үрдісін қазақ топырағына «ұлттар достығының лабораторияcы» деген желеумен сіңірді де, қазақтар үндістердің кебін киді. Белгілі бір ұлтпен біте қайнасуға кедергі келтіретін «тілдік барьер» ұғымынан қазақ тілін мүлдем ысырып тастады. Яғни, мемлекеттік тілді білмей-ақ Қазақстанда ешкімнен кем қалмай өмір сүре аласың.

ИНП РАН (Ресей Ғылым Академиясының Халықшаруашылығын Болжау Институтының) миграцияны зерттеу Орталығының жанындағы ТМД бойынша миграция жөніндегі зерттеу алқасының сарапшысы философия ғылымдарының кандидататы Елена Садовская өзінің Сауле Исабаеваға берген «Қазақ момақандығынан этникалық зорлық-зомбылыққа: кім кінәлі әм не істеу керек? //От казахской толерантности – к этническому насилию: кто виноват и что делать?» атты сұхбатында қазақ жеріндегі ұлттық азшылықты Ресей тарапының қолдауына ие болғандығын ишарамен сездіріп, ендігі Ресей барлауының түпкі мүддесі Батыс жұртшылығын Қазақстандағы этникалық азшылықтың құқығын қорғауға аударуды алдарына мақсат етіп қойып отырғанын жасырмайды.  

Осы орайда біздің билікке Елена ханым:

«Мои пожелания по кадрам: было бы естественно ожидать, что в полиэтническом государстве сотрудниками Комитета по межэтническим отношениям будут представители различных национальностей, отобранные по признаку их компетентности в вопросах национальной политики и желательно с юридическим, социологическим или политологическим образованием. Хорошо бы в качестве одной из первых инициатив отправить на стажировку в европейские институты, в том числе в офис Верховного комиссара по правам этнических меньшинств в Гааге, группу потенциальных сотрудников с 3-5 представителями наиболее крупных этносов РК – русских, узбеков, украинцев, уйгур, немцев, дунган и других» деп Мәскеу тарапынан ұйғарылған ақыл-кеңесін береді.

Қазақ ұлты отаршылар кеткенімен олар қалдырған әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық саладағы «Чайнтаун синдромымен» жалғыз өзі бепте-бет қалды. 

Қызыл отаршылар қазаққа қандай мұра қалдырды. Қазақ тілін керек етпейтін диаспорлар, орыстанған және қызылданған жер-су атаулары, орыстанған қазақтар мен өзге ұлттардан шыққан көлеңкелі және ашық бизнес магнаттары, шұрайлы жерлер мен ауылшаруашылық саласының агросекторларының экспорттық өнімдері сыртқа шығарудың басқа ұлттан шыққан фермер-латифундистердің қолына өтуі, шекаралық аумақтардағы заңсыз сауданы этникалық-қылмыстық топтардың билеп төсеуі.

Ең бастысы қазақ пен басқа ұлттарға арналған орыс тілді білім ошақтары сақталып, орыс тілді бюрократтық аппарат «агашка наверху» 40 пайызға толар толмас титулды ұлт үшін болашағы бұлыңғыр ұлтсызданған мемлекет құруға кірісті. Бұл болашағы бұлыңғыр ұлтсызданған мемлекет құру процесі 30 жылға созылып, өз дәрменсіздігін Қордайдағы қордаланған проблемада және үй ішінен үй тіккен ұйғыр жікшілдігінен анық танытты.

Жабайы каптализм қазақ тілді қазақсыз өтті. Демократиялық процестер қазақтың саяси-әлеуметтік мүддесін орыс тілділердің пайдасына белінен басты. Қазақтар керек десең ана тілінде саяси партия құра алмайтын нағыз саяси сорлы топқа айналды. 

Осылайша «Chinatown syndrome» қарсы күрес 30 жылға созылған қазақтың трагедияға толы «шаңырақтық», «бақайлық», «жаңаөзендік» т.с.с. моноұлтқа айналу процесіндегі басты факторға айналды. 

Бұрынғы «Қазақсыз Қазақстандық саясатты» енді «Диаспорасыз Қазақ саясатымен» алмастырудың дәуірі туғанын Қордай оқиғасы дәлелдеп беріп отыр. 

Ендігі жерде қазақ билігі өз ұлтын өзгелерге жығып бергіш өзектен тебушіліктен арылып, қазақ халқымен бірлесіп, «Chinatown syndrome» дертінің дауасын табады дегенге сенейік! Отарсызданған Қазақстанды ендігі жерде еш жікке бөлінбей, жүзге бөлініп жүзіміз күймей, бірлесе құруға ұлт болып атсалысайық ағайын!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440