Сенбі, 23 Қараша 2024
Ойдан-қырдан 4274 16 пікір 23 Маусым, 2020 сағат 16:18

Атамбаев 11 жылға сотталды

Бішкектің Первомай аудандық сотында қырғыздағы қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босатып жіберуге байланысты Атамбаевтың соты аяқталды. Бұл туралы 24.kg хабарлады.

Алмазбек Атамбаев Азиз Батукаевты босатып жіберді, деп айыпталған болатын. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев сотта соңғы сөзін айтудан бас тартқан.

Ал бұған дейін прокурорлар оған 15 жыл бас бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу жазасын сұраған.

Первомай аудандық сотының судьясы Эмильбек Каипов, Атамбаевқа 11 жыл, 2 ай бас бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы Бішкек маңындағы колониялардың бірінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін Батукаев 16 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған. 2013 жылы Батукаев түрмеден босатылады. Бірнеше сағаттан кейін ол жаңа паспорт алып, елден кетеді.

Азиз Батукаевты заңсыз босатып жіберу туралы қылмыстық іс 2019 жылдың қазанында сотқа тапсырылған. Ол бойынша 19 адам жауапқа тартылған.

;feature=emb_title

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439