Сенбі, 23 Қараша 2024
3200 0 пікір 25 Маусым, 2020 сағат 11:29

Қазақстанның есебі Еуропалық Комиссияның отырысында қаралды

Маусым айында Еуропалық комиссия Еуропалық одақ елдеріне ұшуға тыйым салынған әуе компаниялардың жаңартылған тізімін жариялады. Бұған дейін Брюссель қаласында (Бельгия) Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетін Еуропаға ұшуға тыйым салынған әуе тасымалдаушылар тізімін жаңарту мәселесі бойынша тыңдау өтті, оның барысында қазақстандық әуе компаниялары мәселесі қаралды.

Бек Эйр әуе компаниясының ұшағымен болған апаттан кейін Еуропалық комиссия Қазақстан Республикасының авиациялық билігінің елдегі ұшу қауіпсіздігін тиімді бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету қабілетіне алаңдаушылық білдірді. 2020 жылғы 14 ақпанда Еуропалық комиссия елдің авиациялық биліктерінің ұйымдық құрылымын өзгерту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, соңғы үш жылдағы сала субъектілеріне жүргізілген бақылау-қадағалау қызметінің нәтижелері туралы және негізгі жолаушылар әуе тасымалдаушыларының (Эйр Астана, СКАТ және Бек Эйр) ұшу қауіпсіздігінің жағдайы туралы ресми сұраныс жіберді.

28 ақпанда Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен бірлесіп, 2019 жылдың 1 тамызынан бастап британдық басқару моделіне және алдыңғы қатарлы еуропалық елдерінде негізделген азаматтық авиация саласын реттеудің жаңа тәсілін іске қосу туралы ақпаратты ұсынды. Саланы басқарудың және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің осы трансформациясы Ұлт жоспарының 68-қадамының аясында жүзеге асырылуда.  Сонымен қатар, Еуропалық комиссияға елдегі ұшу қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы және Бек Эйр әуе компаниясының тексеру нәтижелері туралы ақпарат берілді. Кейін, 2020 жылғы 21 сәуірде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Бек Эйр әуе компаниясының пайдаланушы сертификатын қайтарып алғаны туралы және Azee Air әуе компаниясының пайдаланушы сертификатын уақытша тоқтату туралы хабарлады.

Сонымен қатар, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры П.Гриффитстің Еуропалық комиссия өкілдерімен кездесуі өтті, көтерілген мәселелерді талқылауға арналған телеконференциялар өткізілді.

Есеп қорытындысы бойынша Еуропалық комиссия ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасының атына қабылданған шешім туралы хат жолдады.

Зерттелген ақпаратқа сүйене отырып, Еуропалық комиссия бүгінгі таңда қазақстандық әуе компанияларды Еуропалық одаққа ұшуға тыйым салынған әуе тасымалдаушылар тізіміне ("қара тізім") енгізуге негіз жоқ деп шешім қабылдады.

Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Еуропалық комиссиямен және Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық агенттікпен (EASA) елдегі ұшу қауіпсіздігін бақылау және қадағалау жүйесін ұйымдастыруды еуропалық стандарттарына келтіру және Америка Құрама Штаттарына ұшуға арналған Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) 1-санатын алу арқылы Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін бірлескен жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Анықтама: Еуропалық комиссия отырыстың нәтижелері бойынша Арменияда сертификатталған барлық әуе компанияларды тізімге енгізді. Сондай-ақ Конго, Конго Демократиялық Республикасы, Қырғызстан, Ливия, Непал және Сьерра-Леоне елдерінде сертификатталған әуе тасымалдаушылардың тізімі қайта қаралып, осы елдердің жаңа әуе компанияларымен толықтырылды. Қазіргі уақытта,і 22 елдің 96 әуе компаниясына (Ауғанстан, Ангола, Армения, Венесуэла, Конго, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Эритрея, Ирак, Иран, Қырғызстан, Молдова, Ливия, Нигерия, Непал және т.б.) ұшуға тыйым салынады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407