Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2885 0 пікір 25 Маусым, 2020 сағат 11:33

Жаңаөзенде алғашқы ресми Toyota сервис орталығы ашылды

Жаңаөзен қаласында облыс орталығынан тыс орналасқан алғашқы Toyota сервис орталығы өз есігін ашты, ол Қазақстанның батысындағы шағын қалалардың клиенттеріне Toyota брендінің халықаралық стандарттарына сәйкес сапалы сервистік қызмет көрсетуді ұсынатын болады. Жаңа автоорталықтың жалпы ауданы 890 шаршы метрді құрайды, оның 350 шаршы метрін шоу-рум, 432 шаршы метрін төрт посты бар сервис аймағы, 111 шаршы метрін жуу аймағы алады. Сервистік орталықты ашу арқылы он бір адамға жаңа жұмыс орындары құрылды. 

"Жаңаөзен Тойота Сервисі" 2S – Service & Spare Parts тұжырымдамасы негізінде жұмыс істейді, ол сервистік қызмет көрсетуді, сондай-ақ өндірушінің ресми кепілдігімен Toyota автокөліктеріне арналған түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді сатуды көздейді. 2S форматы "Клиент бірінші орында" атты "Тойота Мотор Қазақстанның" басты корпоративтік қағидаттарының бірін қамтиды және еліміздің географиялық ерекшелігін, атап айтқанда, елді мекендер арасындағы үлкен қашықтықты және халық тығыздығының төмендігін тамаша ескереді. 2S автоорталықтарының тұжырымдамасын әзірлеушілердің алдына қойған негізгі міндет – шағын қалалар мен шалғай аймақтардың тұрғындарын Toyota сервисінің жоғары деңгейімен қамтамасыз ету. 

Toyota ресми дилері жоқ шағын қалаларда тұратын көптеген автокөлік иелері басқа қалаға баруға немесе жақын орналасқан ТҚС-та өз автокөліктеріне қызмет көрсетуге мәжбүр. Осылайша, олар жұмыс пен қосалқы бөлшектерге ресми кепілдік беру туралы айтпағанда, Toyota дилерлері ұсынатын жоғары сапалы ресми сервисті алуда шектелген.

Өз автокөліктері үшін жоғары сапалы сервисті қамтамасыз етуді қалайтын Жаңаөзен тұрғындарына енді таяу ресми дилерден оларды бөліп тұрған жүздеген километрді еңсерудің қажеті жоқ. Бұдан былай олар өз қаласында сервис орталығының қызметтерін пайдалануына мүмкіндігі бар, мамандандырылған дайындықтан өткен қызметкерлердің біліктілік деңгейін, сондай-ақ ресми сервистің бағасы мен сапасының тиімді арақатынасын да бағалай алады. Білікті шеберлер барлық жұмыстарды Toyota талаптарына сәйкес арнайы жабдықты пайдалана отырып орындайды.

"Жаңаөзен Тойота Сервисі" "Ақтау Тойота орталығының" уәкілетті дилерінің бірінші дербес сервистік орталығы ретінде танылады. Бұл автокөлік иелері үшін брендтің барлық талаптары мен стандарттарына толық сәйкес келетін жоғары сапалы қызметке қол жеткізуді ғана емес, сонымен қатар автокөлікті сатып алуға деген бұрынғыдан да кеңірек мүмкіндіктерді білдіреді. "Ақтау Тойота орталығында" жаңаөзендік автоәуесқойлар жаңа автокөлікке тапсырыс бере алады немесе өзінің жүрілген автокөліктерін жаңа Toyota-ға ауыстыру бойынша Trade-In қызметін пайдалана алады. Жаңа автокөліктердің кілттері үшін облыс орталығына барудың қажеті жоқ – жаңа автокөліктерді беру "Жаңаөзен Тойота Сервисінде" жүргізілетін болады. Осында автокөлік иелері өз автокөліктерін Toyota Tested бағдарламасы бойынша тексерілген жүрісі бар автокөлікке айырбастай алады.  

"Тойота Мотор Қазақстан" Президенті Кит Мэтью Симмонс мырза компания шалғай қалаларда өз клиенттеріне ыңғайлы болу үшін барлық қажетті шешімдерді енгізетінін атап өтті. Сондықтан автомобиль иелеріне бренд стандарттары бойынша қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін шағын қалаларда Toyota сервистік орталықтарының желісін ашу туралы шешім қабылданды.

Orbis Auto автокөлік тобының бас директоры Динара Ысқақова жаңа сервис-орталықтың ашылуы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту үшін үлкен маңызға ие деп санайды. "Қазақстан өңірлерінде, әсіресе өнеркәсіп пен өндіруші сала дамыған жерлерде сапалы және сенімді автосервиске деген қажеттілік жоғары. Батыс облыстарда бірнеше Toyota дилерлік орталықтары бар және Жаңаөзен сервиске жоғары сұранысқа ие маңызды локациялардың бірі болып табылады", - деп атап өтті Динара Ысқақова.   

Өткен жылы Toyota сервистік орталықтары Қызылорда, Теңіз және Ақсайда ашылды. "Жаңаөзен Тойота Сервисі"  – Қазақстан Республикасындағы Toyota ресми дистрибьюторы үшін 2S форматындағы төртінші және Orbis Auto автомобиль тобы үшін бірінші қазақстандық сервис орталығы болып табылады. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407