Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 4378 12 пікір 25 Маусым, 2020 сағат 12:27

Таптасаң кірлемейтін неткен намыс біздікі?

Ұйғырларды ауданмен, дүнгендерді ауылмен, қала берді көше, жер атауын беріп жарылқаған біз неткен "кеңпейіл" қазақ едік? Бұған да қанағаты жоқ ұйғырлар ауылдағы су құбырын да ұлтқа меншіктеп алыпты. Өзінен бұрын өзгені төбесіне көтерген жер бетінде дәл біз сияқты ұлт, әй, жоқ-ау. Кеңпейілдігіміз сондай олардан тіпті тілді де талап етпейміз ғой, шіркін. Қазақша сөйлесем қысылып қала ма деп жасқаншақтап тұратын да өзіміз. Керісінше, олар, біздің тілді біл деп ашықтан-ашық әкіреңдейді. Батыл. Ұстаздарының ұстанымы бұл. Оған да қыңқ демедік.
.
Алдыңғы аптада ұйғыр ауданында аталған ұлттың алты азаматының үш бірдей қазақ жігітін пышақтап кеткені телеарнадан хабарланды. Сондағысы, екі жақ жолға таласып қалған. Жол бермедің деп пышақтап жатса, басымызға басқадай бір күн туса бұлар бізге қайтпек сонда? Мұндай ұлттан не опа, не қайыр күтуге болады? Олар неге жауапқа тартылмайды деп ұлардай шулап әділдік іздеп жүрген тағы да өз ұлдарымыз. Түймедейді түйедей қылмаңдар деп басу айтыпты қалам ұстаған бір қалаулысы. Түйеден де үлкен мәселені түймеден ұсақ көріп тұр. Таптасаң кірлемейтін неткен намыс біздікі?
.
Қытайлар дүнген атындағы Масанчи елді-мекенін телеарнасы арқылы Шәнси ауылы деп таныстырды. Шәнси - Қытайдан жер аударып келген дүнгендердің мекені. Яғни, олардың түсінігінде, Қазақстанда Қытайдың бір ауылы бар. Кезінде жүдеп-жадап, мүсәпір күйде келген дүнгендерге аяушылық білдіріп, адамгершілік көрсеткен қазақтың кеңпейілдігін еске алып жатқан кім бар? Қай дүнгеннен алғыс естідік?! Ақпандағы дүнгендердің дүрбелеңін де жылы жауып қойдық. Кінәлілерді жазалағанын айтатын шығар жоғарыдағылар. Бұл мұнымен біте қоятын қатардағы қылмыс емес. Ұлтқа төнген қатер! Дүнгендерге қатысты қордаланған мәселелер қандай шешім тапты? Бұл туралы жақ ашқан кім бар? Ондайларды жазалағанмен ұлттың жарасы жазылмайды.
.
В.Путин ол, "Кеңес Одағының құрамында болған елдер орыс халқынан сый алды" деп зілдей сөз айтты. Орынбор өлкесі қазақ жерінің құрамдас бір бөлігі. Алтай біздің жер деп мәлімдеме жасау біздің қолдан келе ме? Қазақтың намысы тапталған жағдайда есеп жоқ. Бұлар тек соңғы бес айда естіген сөзіміз, жеген таяғымыз. Аз ба?

Ертай Нүсіпжановтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

12 пікір