Ресейлік режиссер Михалков пен «Самұрық-Қазына» мемқордың өкілі Астанадағы ЕАМФ ерекше қонақтары болады
Астана.18 қараша. ҚазТАГ - Анастасия Прилепская. Ресейлік режиссер Никита Михалков пен "Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының (ҰӘҚ) өкілі еуропалық және азиялық медиафорумға (ЕАМФ) айырықша қонақ ретінде шақырылды, деп «РИА Новости» бас редакторының орынбасары Олег Ананьев мәлім етті.
«Біз Қазақстанның ірі мемлекеттік холдингі «Самұрық-Қазынаны» форумға қатысуға шақырдық. Біз сізді Қазақстан экономикасы мен оның 20 жыл тәуелсіздігінде қол жеткізген табысынан айтып беретін шығарсыз деп үміт етеміз. Бүгінгі Қазақстан қандай екенін айтып бересіз», - деп О. Ананьев ҰӘҚ басқарушы директоры Ерлан Байжановтан жұма күні Астана-Мәскеу телекөпірі барысында сұрады.
Ол сондай-ақ форумда айырқша қонақ ретінде режиссер Никита Михалков келіп, өзінің жаңа «Цитадель» фильмін көрсетеді деп айтты.
ЕАМФ Астанада қарашаның 21-22-лерінде өтеді. Бұл форму алтыншы рет өткізілдіп отыр. ЕАМФ ұйымдастырушылары биылғы форум өте елеулі болады деп отыр. Астанаға бұрынғы КСРО елдерінен 250 БАҚ жетекшілері келеді деп жоспарлануда.