Сенбі, 23 Қараша 2024
3383 2 пікір 26 Маусым, 2020 сағат 13:21

ПТР-тесті жаппай тапсырудың керегі жоқ

ПТР-тесті жаппай тапсырудың қажеті жоқ. Бұл сұраққа «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова жауап берді.

«Пациентте созылмалы аурулар, күретамыр жоғары қан қысымы, қант диабеті болса, онда олар ерекше бақылауда болуы тиіс. Ең алдымен өзін-өзі бақылауы керек. Екіншіден, амбулаторлық мекеме тарапынан қадағалау болуы тиіс. Індет Қазақстанға қарағанда ерте келген Еуропадағы, Қытайдағы өткенге шолу сараптамаларына қарағанда, ауыр COVID-19 өкпе қабынуы бар адамдардың шамамен 40 пайызы қант диабетіне шалдыққан», - деді Махаббат Бекбосынова.

Оның айтуынша, ПТР-диагностика үшін тест тапсыруға нақты ауру белгісі болуы тиіс. Өйткені, әлемдік статистикаға қарағанда, коронавирус инфекциясы бар адамдардың 30 пайызында ПТР-тесті вирус жоқ деп көрсетеді.

«Ендеше, барлығы жаппай ПТР-тесті тапсыру қажет пе екендігін ойлану қажет. Меніңше, ең алдымен клиникаға сүйенген жөн. ПТР-тесті вирусты анықтамағанымен пациентте коронавирусқа тән белгілер болған жағдайда үйде қалып, денсаулығын қадағалауы, дене қызуын өлшеп отыруы керек. Сонымен қатар тіркелген амбулаторлық мекемеге хабарласап, бақылауға алынған жөн»,- деді ол.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377