Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2022 0 пікір 19 Қараша, 2011 сағат 09:01

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекет басшыларының кездесуіне қатысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекет басшыларының кездесуіне қатысты

Астана. 18 қараша. ҚазТАГ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекет басшыларының кездесуіне қатысты, деп хабарлады президент баспасөз қызметінен.

Қазақстан, Беларусь және Ресей Президенттері Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы халықаралық келісімшартының 2012 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуіне байланысты Еуразиялық кеңістіктегі интеграцияның көкейкесті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында ықпалдасудың келесі сатысына көшу жөніндегі біріккен жұмыстарға - Еуразиялық экономикалық одаққа, сондай-ақ ықпалдасу үдерістеріндегі ұлтаралық органдардың басқаруын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесудің қорытындысы бойынша Еуразия экономикалық ықпалдастық туралы декларация, Еуразия экономикалық комиссиясы туралы келісімшарт және оның жұмыс Регламенті туралы хаттама қабылданды.

Қорытынды баспасөз мәслихатында кездесуді биылғы жылдың ең маңызды оқиғасы деп атап көрсеткен Дмитрий Медведев «Қиын кезеңде, 90-шы жылдардың басында интеграция туралы идея көтеріп, осы экономикалық одаққа бастамашы болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен рахмет айтамын», деді.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Кеден одағының жұмысы басталғалы бері өзара саудадағы көптеген кедергілер жойылғанын, одаққа мүше мемлекеттердің экономикасында инвестициялық тартымдылық жақсарғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Еуразия экономикалық ықпалдастық туралы декларацияға қол қойылуы Кедендік одақтың табысы, Бірыңғай экономикалық кеңістік үдерісінің 2012 жылдың 1 қаңтарында іс жүзіне енуінің көрінісі, ықпалдасудың келесі сатысына көшудегі міндет - Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы екеніне тоқталып өтті.

Президент 2012 жылғы 1 қаңтарда 17 үшжақты келісім күшіне енетінін айтты. Олар Бірыңғай экономикалық кеңістіктің нормативтік-құқықтық базасын қалыптастырады және Еуразиялық ықпалдасудың сапалы жаңа кезеңін анықтайды. БЭК аясында қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің ортақ рыногын құру үшін жағдай жасалатын болады. Барлық отандық компаниялар БЭК-ке мүше мемлекеттердің табиғи монополиялары мен көлік инфрақұрылымы қызметтеріне теңдей қол жетімділікке ие болады. Олар мемлекеттік сатып алу бойынша өтетін тендерлерге қатысу үшін БЭК-ке мүше кез келген елдердің жергілікті кәсіпкерлерімен тең, бірыңғай бәсекелестік жағдайда болады.

Мемлекет басшысы мүдделі елдердің Кеден одағын дамыту және Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру жөніндегі мақсатты жұмыстарды жалғастыруға ниетті екендігін атап өтті.

Мемлекет басшылары кездесуден кейін «Федерация мұнарасы» қаржы орталығын аралап көрді, делінген Ақ орданың ресми сайтында жарияланған хабарда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475