Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2519 0 пікір 21 Қараша, 2011 сағат 07:16

Халықаралық журналистер федерациясының басшысы әріптестерін өз ұйымына қатысуға шақырды

Астана. 21 қараша. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Халықаралық журналистер федерациясының президенті Джим Бумелла әріптестерін өз ұйымына қатысуға шақырды.

«... бұл аймақтағы көптеген кәсіби ұйымдардың бізге қосылып, журналистердің үлкен отбасының бір бөлігі болғанын қалаймыз», - деді Д. Бумелла дүйсенбі күні еуропалық және азиялық медианың форумында.

«Журналистер федерациясы мұндай форумдар бұл аймақтағы БАҚ-тардың болашағын талқылау үшін маңызды алаң болып табылатынына және олар журнализмнің, оның мәдениетінің басты қағидаттарын жүзеге асырудың жаңа жолдарын іздеп-табуда маңызды қызмет атқаратынына сенеді», - деді ол.

Д.Бумелланың айтуынша, бүгінгі күні БАҚ-тың алдында қаржыландыру дағдарысы мәселесінен басқа, сенім дағдарысы мәселесі тұр. Ол Ұлыбританияда хакерлік жолмен алынған материалдардың жариялануына байланысты шыққан жанжалды мысал ретінде келтірді.

Сонымен бірге, Д. Бумелла «болашақ дәстүрлі және сандық БАҚ-тарды байланыстыратын гибрид технологияларда» деген пікір айтты. «Әрине баланс, сатулар туралы мәліметтер де қызмет атқарады, бірақ ақпаратты жеткізудің жаңа алаңдары, ашық дереккөздердің әсері мен контенттің дамуы да маңызды ...», - деді ол.

«Қазіргі кезде бәрі жарияланып, өздерін ақпараттандыра алады. Бүгінгі күні дедлайн 24 сағаттық жаңалықтар циклымен алмастырылды, ал газеттер бейне, аудио комбинацияларын пайдаланып, қарапайым мәтіннен алыстай бастады. Индустрия үшін БАҚ дегеніміз жүйе, бүкіл қызмет ақпарат жинау, оны тексеру және диалогты ынталандырудың айналасында жүзеге асырылады деген идеяны қабылдайтын кез келді. Біздің пайдаланушыларымыз осыны қалайды», - деді ол.

Оның айтуынша, «жаңа, өткір, кеңінен қамтитын журнализм демократия үшін оттегі болып табылады».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443