Жұма, 22 Қараша 2024
5318 3 пікір 29 Маусым, 2020 сағат 20:41

Елде қайтадан карантин режимі енгізіле ме?

Қазақстанда қатаң карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте айтты.

"Елдегі эпидемиологиялық ахуалды реттеу үшін шұғыл шаралар қабылдау мақсатында Мемлекеттік комиссияға екі күннің ішінде наурыз, мамырдағы секілді қатаң карантин шаралары туралы жоспарды әзірлеп, енгізуді тапсырамын", - деді президент Тоқаев.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев ведомствоаралық комиссияның жұмысына көңілі толмайтынын айтып, сөкті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін президент Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алып, сөгіс жариялаған. Олардың қатарында: Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжанов, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақов бар.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286