Жұма, 22 Қараша 2024
3440 4 пікір 30 Маусым, 2020 сағат 13:16

Депутаттар демалысқа шықты

Бүгін Парламентте қос палатаның бірлескен отырысы өтті. Сөйтіп Парламент VI шақырылымның бесінші сессиясын аяқтады. Депутаттар демалысқа шықты.

Сессия барысында қос палата Сенат пен Мәжіліс 3 рет бірлескен отырыс өткізген екен. Ал Парламенттің бесінші сессиядағы атқарған қызметі туралы егжей-тегжейлі ақпаратты Мәжілістің ресми сайты жариялады. Ондағы ақпарат бойынша:

Мәжілістің 41 жалпы отырысында 296 мәселе қаралса, Сенаттың 25 жалпы отырысында 165 мәселе қаралыпты.

Қос палатаның қарауында 161 заң жобасы болды, оның 98-і қабылданған. Оның 86-сына Мемлекет басшысы қол қойып, заңды күшіне енген.

Осы сессияда депутаттар өздері бастамашы болып, 35 заң жобасын әзірлеген екен. Олардың 12-сі қабылданып, 23-і бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр дейді сессия қорытындысы туралы ресми ақпарат.

Өткен сессияда Парламент қабырғасында 13 үкіметтік сағат, 5 парламенттік тыңдау, 20 «дөңгелек үстел», комитеттердің 27 көшпелі отырысы және 2 конференция өткен екен.

Парламенттік тыңдаулар, атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, Қазақстанның су қауіпсіздігі, заң шығару процесін одан әрі жетілдіру сияқты мәселелерге арналған.  Сессия жұмысы кезеңінде Парламенттің қос палатасының депутаттары 308 депутаттық сауал (оның 204-ін – Мәжіліс депутаттары, 104-ін – Сенат депутаттары) жолдаған. Осы сессия барысында Парламент депутаттарына азаматтардан шамамен 9733 хат келіп түскен.

«Парламент депутаттары елде тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруға атсалыса отырып, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығындағы егіс жұмыстарын уақтылы жүргізу, халықты әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау саласындағы жүйелі шаралар, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, барлық деңгейдегі білім беру сапасы секілді мәселелерді ерекше бақылауға алды. Алдағы, алтыншы сессияда Парламенттің қос Палатасының депутаттары ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевтыңҚазақстан халқына Жолдауының ережелерін іске асыруды жалғастырады», - Мәжілістің ресми ақпаратында.

Қазіргі уақытта Парламент қоржынында 61 заң жобасы бар көрінеді.

Олардың қатарында: Экологиялық кодекс, Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы, өсімдік әлемі туралы заңдар бар.

Сонымен қатар «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі, биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелер жөніндегі және тағы басқа да заңдар да келесі сессияда қаралмақ.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5291