Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2320 0 пікір 21 Қараша, 2011 сағат 07:25

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Ильинге Т4 млн-ға сертификат табыс етілді

Қызылорда. 21 қараша. ҚазТАГ - Қызылордада атақты штангышы, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Илья Ильинге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.

Облыстық жастар форумының шеңберінде аймақ басшысы Болатбек Қуандықов ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жеңімпазы И.Ильинге «Асқақ рухты жас» номинациясының дипломы мен Т4 млн-ға сертификат табыс етті.

«Ильинқараша айында Парижде жеңіске жетіп, қайтадан әлем чемпионы атанды. Оның екі күрестегі нәтижесі - 407 килограмм. Бұл оның 2008 жылғы Олимпиадада көрсеткен нәтижесінен бір килограмға артық», - деп мәлім етті туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаев дүйсенбі күні спортшыға құрмет көрсету рәсімінде.

И.Ильин бұл жеңісін ел тәуелсіздігінің мерейтойына арнады. Осылайша, Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Гуанчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы (2010 ж.) И.Ильин 3дүркін әлем чемпионы атанды.

Қазақстанның ең атақты спортшысы Лондондағы Олимпиадаға дайындығын бастайды. «Мақсат - алтын ғана», - дейді спортшының жаттықтырушылары.

Еске сала кетейік, қазақстандық штангашылар Франциядағы әлем чемпионатында  олимпиадаға 8 жолдама жеңіп алды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2057
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4115