Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2415 0 пікір 21 Қараша, 2011 сағат 07:50

Алексей Ни: «Парижде біздің құраманы аяқтан шалу үшін бәрін істеп бақты»

Парижде аяқталған ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы  жалпыкомандалық есепте 3 орынға  табан тіреді. Зүлфия Чиншанло мен Илья Ильин  алтын медаль олжаласа, Светлана Подобедова мен  Майя Манезаға күміс жүлде бұйырды. Ұлттық құраманың аяқ алысына  бас бапкер Алексей Ни былай баға береді:

- Былтырғы әлем чемпионатынан соң басты күшті Париж төріндегі сынға саламыз деген едім. Солай болды да. Бірақ, ұйымдастырушылар біздің құраманы аяқтан шалу үшін бәрін істеп бақты. Шынымды айтсам, ұлттық құраманың Париждегі көрсеткіші қанағаттанарлықтай. Бірақ, толығымен ырзамын деп айта алмаймын. Енді Лондонда жүлде жиюға тырысамыз.

- Ұйымдастырушылар  әнұранды алмастырып жіберді, қазылар Маяның рекордтық көрсеткішін қабылдамай тастады. Бізге халықаралық ұйым қарсы тұрғандай әсер алдық.  Мұның себебі неде?

- Бұл сұраққа жауап бере алмаймын.

- Майя Манеза әлемдік рекордты жаңалағанымен, оны төрешілер есептемей тастады. Кейін төрешілерге қарсы шағым жазған жоқсыздар ма?

- Майя жасаған кішігірім ерлікті төрешілер ескермей қойды. Қарсы шағым жазған жоқпыз. Бірақ, Манезаның бұл жолы ұтылғаны да жақсы болды. Лондон алдында үш дүркін әлем чемпионы атанғанда, Олимпиадаға үлкен сеніммен баратын еді. Ал сенім әрқашан сені қолдай бермейді. Майя бұл жолы өз-өзімен жұмыс істеп, дайындығын одан әрі арттыра түседі. Бір сөзбен айтсақ, арқаны кеңге салуға жол жоқ.

- Светлана Царукаева мен Маяның қайсысы мықты деп ойлайсыз?

- Әлем чемпионатын Царукаева жеңіп алған соң, ресейлік қыз мықты деген пікірдемін. Бірақ, Маяның алар асуы алда.

- Илья Ильинмен ара қатынасыңыз айтарлықтай жақсы емес.  Бір терінің пұшпағын илеп, ұлттық құраманың абыройын арқалап жүрген соң сіздерге тіл табысу керек шығар...

-  Илья екеуміз бір нәрсеге екі түрлі көзқараспен қараймыз. Қазір ол Астана қаласында бөлек жаттығуда. Бірақ, оның барлық жаттығу жұмыстарын құрама бапкерлері мен федерация бақылап отыр.

- Ғаламторда Владимир Седов та ұлттық құрамадан бөлек дайындалады деген ақпарат жүр...

- Жоқ, бұл қате. Седов ұлттық құрамадан бөлек ешқайда кетпейді. Илья өз-өзін дәлелдеген әлемнің үш дүркін чемпионы. Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Оған жеке жаттығу кері әсерін тигізбейді. Ал, Володя әзірге құрамадан алыстамайды. Көз алдымызда жаттығады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443