Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
4781 2 пікір 1 Шілде, 2020 сағат 11:02

Рамзан Кадыров Путин "мәңгі президент" болуы тиіс деді

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров Владимир Путин Ресейдің "мәңгі президенті" болуға лайық деп мәлімдеді. Ол әлеуметтік желі арқылы таратқан видеоүндеуінде әлемдік деңгейде президентке тең келер адам жоқ деді.

Кадыровтың сөзінше, Шешенстан Путин тұсында гүлденді. "Біз бүгін Ресей Федерациясында, құқықтық мемлекетте өмір сүреміз" деген ол халықты сайлауға барып, дауыс беруге шақырды.

Дауыс беру 1 маусымда аяқталады, бірақ ресми мәлімет бойынша, Шешенстанның сайлаушыларының 75 проценті дауыс беріп үлгерген. Бұл Ресей бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

2018 жылы өткен Ресейдегі президент сайлауы кезінде де Кадыров Путин "мәңгі ел басқаруы" тиіс деген.

Ресей Конституциясына енгізілген түзетулерге сәйкес, Путиннің осыған дейінгі ел басқарған мерзімі жойылады да, оған қайта екі мерзімге, яғни 2036 жылға дейін сайлауға түсуіне мүмкіндік беріледі.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей Конституциясында мәңгі президент болу қарастырылмағанын мәлімдеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 411
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1454
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 377
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 350