Жұма, 4 Қыркүйек 2026
4725 0 пікір 1 Шілде, 2020 сағат 11:15

Коронавирус жұқтырғандарды енді екіге бөліп қарамайды

Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар енді симптомды және симптомсыз деп екіге бөлінбейді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің coronavirus2020.kz порталы вирус жұқтырғандардың жалпы санын жариялады.

Бұған дейін ҚР Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 3 маусымнан бастап вирус жұқтырғандарды симптомды және симптомсыз деп екіге бөлгенін айтқан. Ал, симптомсыз науқастар ресми статистикаға енбеген.

Сонымен бүгінде елде коронавирус жұқтырғандар саны 41 мыңнан асты. Ал, өткен тәулікте 1604 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 5442(+110)
Алматы қаласы – 5501(+113)
Шымкент қаласы – 3151(+69)
Ақмола облысы – 1246(+92)
Ақтөбе облысы – 1511(+37)
Алматы облысы – 2096(+98)
Атырау облысы – 4133(+229)
Шығыс Қазақстан облысы – 1517(+98)
Жамбыл облысы – 1423(+48)
Батыс Қазақстан облысы – 2773(+149)
Қарағанды облысы – 4829(+191)
Қостанай облысы – 934(+32)
Қызылорда облысы – 1212(+45)
Маңғыстау облысы – 1134(+71)
Павлодар облысы – 1139(+89)
Солтүстік Қазақстан облысы – 1295(+81)
Түркістан облысы – 1719(+52)
Жазылып шыққандар 13 558, қайтыс болғандар - 188

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 728
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2033
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 508
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 484