Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2419 0 пікір 21 Қараша, 2011 сағат 09:55

Бәйбішелер байқауы

Күні кеше «Қазақстан ханымы» деген бәйбішелер арасында өткен байқау көмбесіне жетіп, Виктория Момынбаева «Қазақстан ханымы» атанды. Әдеттегідей, «Миссис Казахстана» деген атауға ие бұл байқаудың атының өзінен мемлекеттік тіл - қазақ тілі қағажу көрді. Қаза берсек, атауының өзі президентіміздің ұш тұғырлы тіл саясатына қайшы.

Хош, Момынбай атаның келінін құттықтаймыз!

Бұрынғылар «Байтал шауып бәйге алмайды», деп «Алтын басты әйелден, пақыр басты еркекті» артық көруші еді. Қазіргі заманда мұндай сөзді айтсаң, сораң ағып «сотталып» кетуің әбден мүмкін. Атадан қалған сөз айтсаң, адасқан, феодалдық қоғамның қалдығы деп қарсы шығады.

«Қазақстан ханымы» - кедейлер мен әйелдер теңдігін ту еткен «қайран» революция. Әлі туы жығылмай тұр.

Әлбетте, анасын аялаған халық келіншектерді жарыстырып, жалаулатпаған.

Қайдан білейік, «Біздің келін - «Қазақстан ханымы» деп мақтануға жақсы шығар мүмкін. Байқауда барын салған бәйбішелер күні ертең сыланған Сыздықованың жолын қуамыз деп жұлқынып жүрмесе болды. Әй, бірақ, бұл елде бәрі болуы мүмкін...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435