Жұма, 29 Наурыз 2024
16232 15 пікір 1 Шілде, 2020 сағат 12:06

АҚШ-тың 12 сенаторы Тоқаевқа хат жазды

АҚШ конгресінің 12 сенаторы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, "сөз еркіндігі мен жиналу еркіндігіне құқығын пайдаланғаны үшін" сотталған белсенділер мен адам құқығын қорғаушыларды дереу түрмеден босатуды сұрады. Бұл туралы Азаттық сайты жазды.

Сенаторлар хатында азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Әсет Әбішевті атап көрсеткен.

"Адамдар бейбіт жиналу, топтарға бірігу, ой-пікірін білдіру еркіндігіне құқығын пайдаланғаны үшін ешқашан сотталмауы тиіс. Біз сізді осындай заңды әрекеттері үшін сотталған азаматтарыңызды босатуға шақырамыз", - деп басталған сенаторлар хаты.

АҚШ заң шығарушылары аталған азаматтарды COVID-19 пандемиясына байланысты дереу шығару керек деп санайды. Олардың сөзінше, түрмеде вирусты жұқтыру қаупі жоғары, ал жазасын өтеушілерді ертерек шығару коронавирустың тарауын тоқтатуға көмектеседі.

Атыраулық белсенді Макс Боқаев 2016 жылғы жер митингісіне қатысқаннан кейін билік оны "әлеуметтік араздық тудырды", "жалған ақпарат таратты" және "митинг өткізу заңдарын бұзды" деген айыппен бес жылға соттаған.

Алматы тұрғыны Әсет Әбішев Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысына қатысы бар деген айып бойынша 2018 жылы төрт жылға сотталған.

Дәл осындай хат Орталық Азияның өзге үш елі – Түркіменстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттеріне жіберілген.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565