Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3363 0 пікір 21 Қараша, 2011 сағат 11:09

Тәуелсіздік құрдасымен кездесу

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында жер-жерлерде өмір есігін осы күні ашқан жастармен кездесулер өткізіліп жатыр.
Міне, осындай кездесу аудандық «Ұлан таңы» газетінің ұжымындада өтті. Кездесуге Ұлан ауданы Тарғын ауылының тумасы, Тәуелсіздіктің даңқұрдасы Ақерке Сапарғалиева шақырылды.
Ақерке биылғы 16 желтоқсанда жиырма жасқа толады, С. Аманжолов атындағы университеттің екінші курс студенті, оқу озаты, жақсы спортшы,  өзі оқып жұрген жоғары оқу орнының қоғамдық өміріне белсенді қатысушы.
Кездесу барысында Ақерке «Тәуелсіздікті қалай түсінесің?», «Бүгінгі жастар сол бір күнді - 16 желтоқсанды біле ме?», «Тәуелсіздік бізге не әкелді?», «Болашағыңа қандай болжам жасайсың?», «Ұлттық намыс дегеніміз не?» деген және басқа да сауалдарға жауап беріп, өзін бүгінгі талап деңгейінен шыға білетін, болашағынан үлкен үміт күттіретін жас екендігін көрсетті. Озара пікір алмасу барысында өзін білімді, парасатты, пайымды жас ретінде көрсетумен қатар, редакция ұжымындағы аға, апайларына да сауатты да салиқалы сауалдар қойды.
Осындай пікіралысудың бүгінгі жастар үшін маңызы ерекше екендігін айтқан Ақерке редакция ұжымына алғысын білдірді, Тәуелсіз елдің белді бір азаматы болып, қашанда өзіне артылып отырған сенімнен шығуға уәде берді.
Кездесу сонында Редакция ұжымы атынан оған естелік сыйлық ұсынылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443