Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
4662 2 пікір 2 Шілде, 2020 сағат 11:29

Помпео: АҚШ Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігіне қолдау көрсете береді

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен С5+1 форматы аясында өткізген онлайн-кездесуді жоғары бағалады.

Майк Помпео Твиттердегі парақшасына АҚШ Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігін және территориалдық тұтастығына қолдау көрсетеді әрі алдағы уақытта да қолдай береді деп жазды.

АҚШ және Орталық Азия елдері (C5 + 1) сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі 30 маусымда онлайн режимде өтті. Жиналысқа АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан сыртқы істер министрлері Мұхтар Тілеуберді, Сироджидин Мухриддин, Чингиз Айдарбеков, Абдулазиз Камилов және Рашид Мередов қатысты.

Тәжікстан СІМ ресми сайтында онлайн бас қосуда COVID-19 вирусымен күресу, оның денсаулық және экономика салаларына түсірген салдары, оны жою жолдары және аймақтық ынтымақтастықты кеңейту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланғаны жазылған.

Америкалық тарап өзінің әлеуетін пайдалана отырып, Орталық Азия аймағының экономикалық дамуына көмектесуге дайын екенін жеткізген.

"С5 + 1" тобының жиналысы 2015 жылдан бері өтеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 853
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2247
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 572
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 548