Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
3553 0 пікір 2 Шілде, 2020 сағат 11:42

Рухани жаңғыру: Алматы облысында 15 мыңға жуық шара ұйымдастырылған 

Үш жыл ішінде Алматы облысының «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру саласындағы негізгі буындардың бірі болып келеді. Жобалық кеңсенің тәжірибесі аз, алайда, дамуы мен өсуі, тың дүниелерді үнемі іздеу және сынақтан өткізу кеңсенің  негізгі бағыты. 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланған жылы Талдықорған қаласында «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды. Соңғы 3 жылда өңірде бағдарлама аясында 15 мыңға жуық жоба мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Ол шараларға 1 миллионнан астам адам қатысты.

Қазір еліміздегі жағдайға қарамастан, жобалық кеңсе өз жобаларын жүзеге асыруды жалғастыруда. 

«Төтенше жағдай кезінде біз онлайн конкурстар өткіздік, мысалы, әлеуметтік желілерде челлендж #Менің7атам іске қосылды. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерін пайдаланушылар белсенді қолдады. Сондай-ақ, ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында, дәстүрлі тағам дайындау арқылы «Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар мұражайы» арнайы жобасы челленджі ұйымдастырлоды», - дейді, мекеме басшысы Дана Дүйсенова.

Жыл соңына дейін ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Тұғырлы туым»  халықаралық форумы, «Жетісу Арба Бәйгесі – 2020» турнирі, «IQ дода» интеллектуалдық жарысы, «Алтын сақа» ұлттық ойыны бойынша облыстық спартакиаданы, «Шөген» республикалық турнирін, Қазақстан балалар кинофестивалін өткізу жоспарда бар. 

Айман Асыл 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 856
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2254
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 575
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 550