Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ. Ирандағы бүлікке кім мүдделі?
Бүкіл әлемнің назары Иранға ауды. Оның себептері жоқ емес. 12 маусымда Иранда президент сайлауы өтті. Онда қазіргі президент Махмуд Ахмадинежад 62,63 пайызбен жеңіске жеткен еді. Ал президенттік додада оның басты бәсекелесі болған елдің бұрынғы премьер-министрі (қазір бұл лауазым алынып тасталған) Мір-Хүсейн Мусави 33,75 дауысты иеленіп, күйрей жеңілді. Алайда ол және оның жақтастары «дауыс санауда әділетсіздік болды» деген желеумен 15 маусымнан бері ел астанасы Теһранда ондаған мың (кей деректер миллионға жуық дегенді келтіреді) адамды соңдарына ертіп, шерулетіп жатыр. Ресми билік «оппозицияны көшеге алып шыққан сыртқы күштер, соның ішінде Ұлыбританиямен АҚШ» деп кінә тағуда. Оппозицияның алға қойған мақсаты – дауысты қайта санау немесе президенттік сайлауды екінші рет өткізу. Бұған жеңіске жеткен жақ қарсы. Теке тірестің негізгі себебі – осы.
Бүкіл әлемнің назары Иранға ауды. Оның себептері жоқ емес. 12 маусымда Иранда президент сайлауы өтті. Онда қазіргі президент Махмуд Ахмадинежад 62,63 пайызбен жеңіске жеткен еді. Ал президенттік додада оның басты бәсекелесі болған елдің бұрынғы премьер-министрі (қазір бұл лауазым алынып тасталған) Мір-Хүсейн Мусави 33,75 дауысты иеленіп, күйрей жеңілді. Алайда ол және оның жақтастары «дауыс санауда әділетсіздік болды» деген желеумен 15 маусымнан бері ел астанасы Теһранда ондаған мың (кей деректер миллионға жуық дегенді келтіреді) адамды соңдарына ертіп, шерулетіп жатыр. Ресми билік «оппозицияны көшеге алып шыққан сыртқы күштер, соның ішінде Ұлыбританиямен АҚШ» деп кінә тағуда. Оппозицияның алға қойған мақсаты – дауысты қайта санау немесе президенттік сайлауды екінші рет өткізу. Бұған жеңіске жеткен жақ қарсы. Теке тірестің негізгі себебі – осы.
Соңғы аптада Мусави¬дің жақтастары мен тәртіп сақшылары арасында бол¬ған қақтығыста 20-ға жуық (оппозиция 150-дей адам дегенді келтіреді) адам қаза тауып, жүзге жуығы жара¬ланған. 500-ге жуық адам темір торға қамалды. Билік осылайша елде тәртіп ор¬натуға көшті. Билік, қажет болса «елде дүрбелең ту¬ғызып, сыртқы күштердің қолдауымен мемлекеттің шаңырағын шайқалтуға тырысты» деп Мусавидің өзін тұтқындауға даяр екендігін білдіруде. Әлем парсы еліндегі теке тірестің арты қан төгуге ұласып, ушығып бара жатқанын көріп, Иранның ресми би¬лігінен «сөз бостандығын сақтауын, демократияны ауыз¬дықтамауын» сұрау¬да. Бірақ Теһран «Иранның ішкі жағдайына ешкімнің араласуға құқы жоқ. Иран дұрыс бағытта ілгерілеп келеді» деген уәж айтады. Десек те, «жер-жаһан Иран¬ға соншалықты неге назар аударуда, президент¬тік сайлау қай елде өтпей жатыр, кім жеңілмей жа¬тыр деуге болар еді? Бірақ Иранның жөні бөлек екені, шығар күндей шындық. Өйткені Иран әлемде мұ¬най өндіруде ОПЕК-тен кейін екінші орында тұр. Әлемдегі табиғи газдың – 16, мұнайдың – 10 пайыз қоры осы жерде. Сондай-ақ қара алтынды экспортқа шығаратын төрт ірі елдің бірі. Ол аздай Еуразияның ең бір ұрымтал, қолайлы жеріне орналасқан мемле¬кет. Араб елдерінің, соның ішінде парсы шығанағында жатқан мемлекеттердің мұнайы тасымалданатын Ормуз бұғазына да (оқыс¬тан соғыс бастала қалса парсылар бұғазды жауып тастауға толық мүмкіндігі бар. Онда жарты әлем жа¬нар-жағармайсыз қалды дей беріңіз) Иран бақылау жасайды. АҚШ пен оның одақтастарының қысымына қарамастан, Иран – ядролық бағдарламасын да дұрыс жолға қоя білген ел. Көп ұзамай атом бомбасына ие болуы мүмкін екені тағы шындық. Иран – осындай ел. Сондықтан бүкіл әлем Иранда болып жатқан оқи¬ғаны жіті бақылап отыр. Оппозиция мен билік арасын¬дағы тартысты сөз етпес бұ¬рын «Иранның арғы-бергі тарихын, жұмыр жерде ала¬тын орны қандай?» дегенге тоқтала кетейік.
Қызылбастан Иран деген атауға дейін
Иран әлемдегі ең ежелгі елдердің біріне жатады. Та¬рихын қазбалайтын болсақ, екі-үш мың жылдықтың ар жағынан бірақ шығамыз. Ол үшін аты шулы парсы импе¬рия¬сын еске алсақ та жеткі¬лік¬ті. 1935 жылы парсы мем¬ле¬кеті атын өзгертіп Иран деп аталды. Ал 1979 жылы Шах бас¬қарған монархиялық би¬лік тақтан тайдырылып, Ислам төңкерісі болды. Осы¬дан кейін мемлекет Иран Ислам республикасы деген атауға ие болды.
Халқының саны жағынан әлемде 18-ші орын¬ды иеле¬неді, 71 208 000 адам (2007 жыл¬ғы санақ негізінде).
Жер көлемі: 1648 000 шаршы шақырым (әлемде 17-ші орынға ие).
Діні: Ислам. 89 пайызы шииттер, 9 пайызы сүниттер.
Басқару жүйесі: Жоғар¬ғы басқарушы, яғни рухани көсем. Алғашқысы аятолла Хоменей еді. Ол мемлекеттің, жалпы, саясатын жүргізуші әрі бас қолбасшы болып та¬былады. Одан кейінгі орында – президент. Ол – Ата заң¬ның кепілі және атқарушы биліктің басы. Заң шығару¬шы билік бір палатадан тұ¬рады. Мәжілістің 290 депу¬таты бар.
Иран қарулы күштері: Иран армиясы екі бөлімнен тұ¬рады. Біріншісі – Қорға¬ныс министрлігі. Екіншісі – Ислам төңкерісін қорғаушы корпус (ИТҚК). Бұл корпус тікелей Жоғарғы жетекшіге (қазіргі уақытта елдің рухани көсемі аяттола Әли Хоме¬нейге) бағынады. Жалпы, Иран армиясы 800-900 мың жауынгерден тұрады. Резерв – 350 мың адам. Сондай-ақ ИТКК аясында Басидж әс¬кери ұйымы бар. Онда үнемі 90 мыңға таяу еріктілер қыз¬мет етеді.
Иранда әскери резервтің саны 12 миллион адам деп саналады. Осы жағынан ал¬ғанда Иран АҚШ, Қытай және Ресейді қоса есепте¬генде алда тұр. Қорғаныс бюджеті – (2005 жылғы есеп) 6,300 миллиард доллар. Жал¬пы, Иранның әскери мүм¬кіндігі құпия сақталуда. Дегенмен соңғы кезде ядро¬лық бағдарламаға байланыс¬ты Батыспен арада туын¬да¬ған тартыстан кейін Теһран жаңа қаруларын сынауды үнемі ашық көрсетуде. Иран¬ның Жер серігі көкте самғап жүр. Ғарышты игерген мем¬лекет. Өзгесін былай қой¬ған¬да, «Шахаб-3» баллистика¬лық зымыраны бар. Оның ұшу қашықтығы – 2000-4000 шақырым. Иранның әскери қуаты кез келген агрессияға төтеп береді.
Мусави және Ахмадинежад
Апта басында елдегі пар¬ламенттің құқық жөніндегі комитетінің төрағасы Әли Шахрохи «Мусавидің әре¬ке¬ті шеңберден шығып кетті. Елді бүлікке шақыру – Ис¬лам республикасының ұлт¬тық қауіпсіздігіне қатер төн¬діруде» деп мәлімдеді. Демек, жаппай шеру бұдан бы¬лай тоқтамайтын болса, Мусави¬ді тұтқынға алу жү¬зеге аса¬тыны белгілі. Сондай-ақ билік Ислам төңкерісін қорғаушы корпус бөлімдерін іске қосты. Күштік құры¬лым¬дар бұдан былай шеру¬ші¬лерді аяусыз жазалауды қол¬ға алмақ. Де¬генмен Ба¬тыс Иран билігінің күшке бой ұрдырғанына на¬разы. Неғұрлым теке тірестің бейбіт шешілгенін қалауда. Алайда сарапшылар сайлау қорытындысын қайта қара¬ғанымен «өзгеретін ештеңе жоқ» дегенді айтады. Олар азын-аулақ кемшілік бол¬ғаны¬мен, Ахмадинежадтың айқын басымдылықпен жең¬генін алға тартады.
Сарапшылардың тағы бір айтып отырған мәселесі, 1979 жылдан бері болмаған оқыс оқиғаның орын алуына се¬беп¬ші болып отырғандар ел¬дегі екі элитаның – экс-пре¬зидент Әкбар Хашеми Раф¬санжани мен елдің бүгінгі ру¬хани көсемі аятолла Хоме¬ней арасындағы теке тірестің кесірі көрінеді. Рафсанжани Мусавиді қолдап, оны прези¬денттік таққа отырғызып, өзі Хоменейдің билігін тартып алмақшы болған еді, алайда Хоменей қазіргі президент Махмұд Ахмадинежадты қол¬дай отырып, олардың жолын кесті. Батыс сарапшы¬ла¬ры «елде орын алған төтен¬ше жағдайға осы екі топ кінәлі» деседі. Мір-Хүсейн Мусави қаншалықты рефор¬ма¬тор болғанымен, Иранда ірі тұлға деп санала бермейді. Ал Батысқа қырын қарап, АҚШ пен Израильге доқ көрсетіп отырған президент Ахмадинежадтың тұлғасы ирандықтар үшін зор. Халық батыры, ұлт қамқоршысына айналған жан. Оның билікке келісімен қолынан келгенше ел экономикасын жолға қоя білуі, армияның қорғаныс бюд¬жетін арттырып, зама¬науи қару-жарақпен жарақ¬тан¬¬дыруы, Иранның геосая¬сат¬тағы орнын айшықтап беруі – үлкен еңбек. Оны Иран жұрты көріп отыр. Тіпті өткен президенттік сайлау кезінде «халыққа мұнайдан түсетін пайдадан бөліп бе¬рем, зейнетақыны көбейтем» деп уәде беріп, оны ойдағы¬дай орындауының өзі, ел бас¬шысына деген халықтың ри¬зашылығын, сенімін оятты.
Қазір Иранда зейнеткер¬лер 600 доллар алады. Елдің сенімін ақтаған ұлға жұрт пре¬зиденттік сайлауда оң көзбен қарады, дауыс берді. Ал оның жанында Мусави кім, тәйірі?!
.
Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ
«Айқын» газеті 25 маусым 2009 жыл