Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
5227 6 пікір 3 Шілде, 2020 сағат 16:51

Қазақстанда жедел жәрдем қызметіне ақша төленеді

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жедел жәрдемді мобильді бригадалар арқылы шақырту құны мен олар қандай қызмет көрсететінін айтты.

«Министр айтқандай, ауруханалар мен жедел жәрдем қызметтерінде мобильді бригадалар пайда болады. Бүгіннен бастап жұмысқа кірісті. Олардың қызметіндегі тариф құны да белгілі. Бағасы - 5 400 теңге. Бригадалар коронавирусқа күдігі бар немесе тұмау жұқтырғандарды қарап, олардан тест алу үшін барады. Бір шақырған адамға екінші рет бармайды. Тест бір рет алынады және оның нәтижесі учаскелік дәрігерге беріледі», - дейді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның жедел-жәрдем қызметі шақыртуларға үлгермей жатқанын, сондықтан, қосымша 3000 мобильді бригадалар құрылғанын айтқан. Олардың тарифі 2020 жылдың 1 шілдесінде бекітілгенмен, министр мобильді бригадалардың шақыру бағасын айтпаған еді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 915
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2370
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 622
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 599