Сенбі, 23 Қараша 2024
3030 0 пікір 6 Шілде, 2020 сағат 11:34

Медициналық препараттардың 87%-і шеттен келеді

Алматы әкімдігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізетін отандық фармацевтикалық компаниялармен келісімге қол қойды. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 700 дәріхананың 103-іне басымдық беріліп отыр екен. Бұл 103 дәріхана халық ең көп тұтынатын, баратын дәріханалар-мыс. Енді олар бағаны көтермеуге және дәрі-дәрмектердің үш бірлігінен артық сатпауға міндеттелді.

Мұндай жабдықтау шаралары елордада да қабылданып жатыр. Ақтөбе облысында Ресейден 10 позиция бойынша жетіспейтін импорттық дәрі - дәрмектерді жеткізу мәселесі шешілді. Бұл ауруханалар үшін 20 күндік қорды қамтамасыз етеді. Ал дәріханалық қорды толықтыру үшін қажетті 16 препаратқа жарты миллиард теңге бөлінді.

«Барлық әкімдіктерге комиссияның шешімі негізінде дәрі - дәрмектердің қажетті көлемін өздері анықтауға және денсаулық сақтау министрлігімен келісе отырып сатып алуға құқық берілді»,-деп атап өтті вице-премьер.

Отандық өндірушілер медициналық препараттарға деген ішкі сұраныстың 13% - ын ғана жабады. Ал, 87% импортталады. Жалпы ел бойынша 8 мың дәріхана жұмыс істейді. "Ингавириннің" 70 мың орамы, "парацетамолдың" 800 мыңнан астам орамы келіп түсті, жақын аптада тағы 900 мың орамы түседі.

«Өткен аптаның соңында отандық өндірушілер "Аритромицин" антибиотигінің 150 мың қаптамасын жөнелтуді бастады. Осылайша, ыстық түсіретін және вирусқа қарсы препараттардың тапшылығы толығымен шешіледі»,- деді Е.Тоғжанов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381