Жұма, 18 Қыркүйек 2026
46 - сөз 5462 7 пікір 6 Шілде, 2020 сағат 12:10

«ОҢ ТВ» арнасы ресейдің сеператистік хабарларын қазақшалап бере бастапты

«ОҢ ТВ» арнасы ресейлік «Звезда» каналының бағдарламаларын қазақшалап бере бастапты.

Бұл канал «Россия 24»- тен де өтіп кеткен ватный канал. Кім екенін аты да, заты да айқайлап айтып тұр ғой.

Екі жыл бұрын Алясканы қайтарып алу керек деген бір программасын көріп қалып, «қып-қызыл» каналды эфирден алып тастағанмын. Қырым туралы айтқанын көрсең, жағаңды ұстайсың. Кейбір бағдарламалары Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатына мүлдем қайшы келіп, астыртын түрде сепаратистік пиғылға жел беріп, оларды желіктіріп отырады.

Осындай арнаның идеологиялық өнімін, біреудің қаңсығын енді қазақшалап беріп, халықтың санасын улап керегі жоқ. Одан да тура сондай өзіміздің арнамызды ашып, өзіміз жасайық та сондай бағдарламаларды.

Ресейдегі ең көп айлық алатындар осы «Звездада» істейді деп естідім. Оны қорғаныс министрлігі қаржыландырады екен. Сондықтан олар орыстың қару-жарағын жатпай-тұрмай жарнамалайды. Оны көрген адамда қандай ой қалыптасады?

Әрине, Ресей мықты, орыстың қару-жарағына жетпейді екен деген психология қалыптасады!

Жолымбет Мәкіштің әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1312
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2877
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 969
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 902