Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3384 1 пікір 6 Шілде, 2020 сағат 11:10

«Атамекен» кәсіп ашуды неге қиындатты?

Қазір "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы "Бизнес -бастау" атты онлайн курс өткізіп жатыр. Бұрын бір ай өтетін курс екі аптаға қысқарған. Екі аптада үйде кәсіп ашқысы келген аналар 64 сабақпен танысып, тапсырма орындауы, бизнес жоспар жасап үлгеруі қажет. Күніне 11 сабаққа дейін оқуға болады. Сенбі-жексенбі демалмай оқып жатқан кейбір аналарды Палата орта жолдан шығарып жіберген. Себеп, сабаққа екі күн кірмеген. Бір ана 17, екіншісі 27-
сабақта шығып қалған. Бұл туралы алдын ала ескертілмеген.

Жалпы онлайн-оқу деген, уақытты шектемейтін оқу емес пе? Күндіз оқи ма, түнде оқи ма, емтиханға дейін танысып, меңгерсе болды емес пе? Әлде "Атамекен" палатасы Қазақстанда барлық тұрғынға жоғары жылдамдықты интернет қолжетімді, үйде отырған аналардың барлығында ноутбук бар деп ойлай ма? Бір ананың интернет трафигі бітіп қалған, екіншісінде телефон сынып, сабаққа кіруге мүмкіндік жоғалтқан.

Жалпы бұл оқу мемлекеттік "Еңбек" - халықты жұмыспен қамту" бағдарламасы аясында өтіп жатқан курс. Ендеше Палата оқимын деген адамға кәсіпкерлік негіздерін қандай да бір кедергілерге қарамастан беруі тиіс. Себебі, бұл бағдарламаға республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Қыркүйекке дейін Қарағандыда "Бизнес -бастауды" 1800 адам оқып, сертификат алуы тиіс. Ал мынандай қатаң талаппен қанша адам сертификат алмақ?

Жалпы "Атамекен" карантин күшейіп тұрған кезде сабақ санын қысқартқаны дұрыс. Екіншіден, екінің бірінде тымау, екі өкпесі қабынған жақыны бар адамды экранға телміртіп, оқудан орта жолдан шығарып жіберуі елдің салын түсіріп жіберді. Бұл курс - кәсіп ашу үшін 555 мың грант ұтып, 4 пайыздық несие алуға апаратын баспалдақ. Бұл курстың сертификатынсыз грантқа да, жеңілдетілген несиеге де құжат қабылдамайды. Ендеше оны неге "Атамекен" қиындатып жіберген?

Оқудан шығып қалғандарға, 6 шілдеде өтетін келесі курсқа қабылданасыз депті. Осы жолы талай адам ілінбеген. Қатысушылар саны шектеулі. Келесі курсты күтуші көп. Енді олардың орнын осы жолы шығып қалғандармен толтырады. Сонда бірінен біріне ысырып, оқуы тиіс 1800 адамның есебін осылай жаппақ па?

Бұрын мұндай курсқа қатысушыларға шәкіртақы төлейтін. Биыл оқу онлайн болғандықтан, ол жоқ. Халық шәкіртақысыз да оқуға ынталы. Білім берсе екен дейді. Оқу оқыған адамда келешекке деген үміт оянады, кәсіп ашуға ынталанған адам көп. Мүмкіндік беріңіздер.

Биыл атаулы көмек алатындар "Бастау-бизнес" оқымаса да 555 мыңның грантына қатыса алады деген жеңілдік енді. Алайда, оқу оқымай қатысқандардың ешқайсы бұл грантты ұтпады. Негіз болмаса, бизнес жоспарды қалай жасамақ?

Қарағанды қаласында 25-26 шілдеде өткен 555 мың теңгенің қайтарымсыз грант байқауына 86 адам құжат тапсырыпты. Оның ішінде 22 адам грант ұтқан. Меніңше өте аз.

Жаздың ортасы болды. Жұрт оқуын оқып, грантын ұтып, несиесін рәсімдеп, қара күзге дейін кәсібін ашуға қамдануы керек. Күзде күн суытқанда ТЖ күрделенбесіне кім кепіл береді? Сол себепті "Бизнес-бастау" курсына қатысушыларды жүз адамнан ғана шектемей, ақыры онлайн өтіп жатқан оқуды бірнеше поток қылып, 500 адамға дейін бір мезетте оқытуға көшсе деген ұсынысым бар. Себебі бұл курстың сертификаты үш жылға жарамды.

Білім алған адамда, кәсіп ашсам деген ой пайда болады, ізденеді. Карантиннен тарықпай шығуға ел де мүдделі. Биік мінберлерде айтылған мемлекеттік бағдарламалар шынымен де іске асса екен.

Ләззат Қожахметтің әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377