Ақберен Елгезек. Асау Ахмадинежад - Азияның саяси аренасындағы жаңа тұлға
Үстіміздегі жылдың 12 маусымында адамзат тарихы тағы бір елеулі оқиғамен толықты. Иранның басшылығына 52 жастағы Махмуд Ахмадинежад келді. Парсы елінде өткен президенттік сайлауға, «елеулі оқиға» - деп баға беріп отырғанымыздың өзіндік себептері бар. Бұл сайлаудың нәтижелері алдағы төрт жыл ішінде, әлемдегі саяси кеңістікті едәуір өзгерістерге ұшырататыны ақиқат. Ол өзгерістер жайлы осы мақала барысында тарата әңгімелеп береміз.
Сонымен, Иранда президентік сайлаудың нәтижелері белгілі болды. 2003 жылы Иран астанасы - Тегеранда әкім болып сайланған тарамыс Ахмадинежад, араға 5 жыл салып елдің биік тұғырына көтерілді. Біздің ойымызша Иранның ғана емес, жалпы Азияның саяси көкжиегінде жаңа тұлғаның сұлбасы көзге дараланып түсе бастады. Осындай тұлғаның пайда болуына тарихтың өзі «кінәлі» секілді.
Әңгімені Иранның ХХ ғасырдағы дәуірлік маңызы бар оқиғаларынан бастайық. Өткен ғасырда Иран ұлы державалардың ықпал ету объектісіне айналған ел еді. 1953 жылы АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының «көмегімен» ұлтшыл саясаткер Мұхаммед Моссадык премьер-министрдің тағынан саяси төңкеріс арқылы айырылып қалды. Осы күннен бастап Британ мемлекеттінің Таяу Шығыстағы дәурені аяқталып, аймақта АҚШ-тың тынысы сезіле бастады. Бұл саяси үрдістер әйгілі саясаткер, дипломат Збигнев Бзежинскийдің сөзімен айтқанда Иранның АҚШ-қа деген өшпенділігін тудырған жайттер еді.
Үстіміздегі жылдың 12 маусымында адамзат тарихы тағы бір елеулі оқиғамен толықты. Иранның басшылығына 52 жастағы Махмуд Ахмадинежад келді. Парсы елінде өткен президенттік сайлауға, «елеулі оқиға» - деп баға беріп отырғанымыздың өзіндік себептері бар. Бұл сайлаудың нәтижелері алдағы төрт жыл ішінде, әлемдегі саяси кеңістікті едәуір өзгерістерге ұшырататыны ақиқат. Ол өзгерістер жайлы осы мақала барысында тарата әңгімелеп береміз.
Сонымен, Иранда президентік сайлаудың нәтижелері белгілі болды. 2003 жылы Иран астанасы - Тегеранда әкім болып сайланған тарамыс Ахмадинежад, араға 5 жыл салып елдің биік тұғырына көтерілді. Біздің ойымызша Иранның ғана емес, жалпы Азияның саяси көкжиегінде жаңа тұлғаның сұлбасы көзге дараланып түсе бастады. Осындай тұлғаның пайда болуына тарихтың өзі «кінәлі» секілді.
Әңгімені Иранның ХХ ғасырдағы дәуірлік маңызы бар оқиғаларынан бастайық. Өткен ғасырда Иран ұлы державалардың ықпал ету объектісіне айналған ел еді. 1953 жылы АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының «көмегімен» ұлтшыл саясаткер Мұхаммед Моссадык премьер-министрдің тағынан саяси төңкеріс арқылы айырылып қалды. Осы күннен бастап Британ мемлекеттінің Таяу Шығыстағы дәурені аяқталып, аймақта АҚШ-тың тынысы сезіле бастады. Бұл саяси үрдістер әйгілі саясаткер, дипломат Збигнев Бзежинскийдің сөзімен айтқанда Иранның АҚШ-қа деген өшпенділігін тудырған жайттер еді.
Парсы қоғамының жүрегіне өшпес қаяу түсірген тағы бір зұлмат - ол Ирак пен Иран арасында өткен 1980-1988 жылдар аралығындағы соғыс болатын. Іс жүзінде Иран сол кезде Ирак арқылы бүкіл әлеммен соғысқан еді. Себебі, Ирак басшысы Саддам Хусейнге «сегіз жылдық соғыста» бәсекелес үлкен екі империя мен оған одақтас елдер, тіпті апартеид жағдайында жатқан оңтүстік африкалық мемлекеттер де ашық немесе жасырын түрде көмектесіп отырған. Ең қызығы сол кезде Иранға жақтасқан бірден-бір ел боласа, ол бүгінгі жауы - Израиль ғана болатын. Тарихтың жолы - шырғалаң.
Алпауыт мемлекеттің Иракқа қол үшын беруі келесі себептермен түсіндіріледі. 1979 жылы Ирандағы монархияны құлатып, Иран ислам республикасын құрған төңкерістің орын алғаны бәрімізге белгілі. Билікке жаңадан келген жауынгер исламдық саяси топқа, ұлы державалық мемлекеттер бірден тіксіне қарап, олардың мәлімдемелерінен қауіптене бастады. Осылайша халықаралық саясатты Иран проблемасы деген саяси терминнің алғашқы елесі кезе бастағанды.
Аталған соғыста Саддам Хусейнге жақтасқан әлем, тарихи тамыры тереңде, ғасырлар бойы империялық генін қалыптастырған Парсы елінің әлемді билеудегі гегемондық мүддесін жатырында тұншықтырғысы келді. Ал, бүгінгі Иранның ядролық бағдарламасы біздің айтып отырған парсылардың империялық амбициясының бір элементі ғана.
Алпауыт мемлекеттерді Ирандағы саяси режимнің ұлттық реңінен гөрі, діни бояуы қатты алаңдатады. Өйткені, Тегерандағы саяси және діни технологтар Израильге қарсы үнемі соғысып жүретін шииттік топтар мен араб елдеріндегі шииттік қауымдастықтармен жылдар бойы шебер жұмыс істеп келген болатын. Иранның ядерлық қаруға ие болуы Батыс пен АҚШ-тан бұрын, ислам әлемін қатты алаңдатуда, себебі парсылардағы империялық метажад мұсылман дінінің гуманистік дүниетанымынан кез келген сәтте бас тартуы ғажап емес.
Осындай тарихи-саяси алғышарттар саяси дүниеге Махмуд Ахмадинежад атты тұлғаны алып келді. Жалпы, тарихта полюстің бір шетінде дипломатиялық қағидаларды түсінбейтін дөрекі, соғысқұмар саясаткер шықса, оған тура өзі сияқты, бірақ ішкі жан-дүниесі қарама-қайшы, батыл һәм іс-қимылы сергек бір адам қойылады. Осы теориямыздың дәлелі ретінде Ахмадинежадтың бағын жандырған - Джордж Бушты алайық. Буш тарихи сахнаға шығып, Иранның іргесіндегі Иракқа оқ жаудырмағанда, бәлкім Ахмадинежад Тегеранның әкімі ретінде әлеуметтік-шаруашылық мәселелермен айналысып тып-тыныш жата беруші ме еді, кім білсін?!
Енді гипотезаларымыздан өткен аптада Иранда орын алған қым-қиғаш оқиғаларға көшейік. Тегеранда орын алған ереуілдерге түрткі болған сайлау нәтижелері төмендегідей түзіліпті. Ресми деректерге сүйенсек, біздің басты кейіпкеріміз 52 жастағы Махмуд Ахмадинежад - 62,63%, оның басты қарсыласы 67 жастағы экс-премьер-министр Мирхоссейн Мусави - 33,75%, Мохсен Резаи - 1, 73 % және Мехди Кярруби 0, 85 % дауыс жинаған екен.
Мохсен Резаи Ахмадинежадтың жеңісін бірден мойындады. Ал, Мусавидің жақтастары «Бізге бостандық қымбат!» және «Менің дауысым неге ұрланды?» деген ұрандармен көшеге шығып кетті. Бірнеше күндік тәртіпсіздіктің салдарынан ондаған адам жарақаттанып, көптеген әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдар запа шекті.
Мұндай толқуларды басу үшін ұлы мұраттарын құрбан етуді ойына да алмаған Ахмадинежад, сенбі күнгі сөйлеген сөзінде Иранға жаны қас саяси күштер парсыларға қарсы «психологиялық соғыс» жүргізіп отыр деп мәлімдеді. «Бұл ұлы жеңіс Иран халқына қарсы бағытталған насихат құралдары белсенді жұмыс жасап жатқан жағдайда жүзеге асты» - деді Махмуд Ахмадинежад өз сөзінде.
Тегерандағы оқиғалар Орталық және Таяу Шығыстағы теократиялық режимдерге қарағанда, Иранның ерекшелігін айқындап берді. Қандай билеу жүйесі орнықпасын, ешбір мұсылман елінде сайлаудан кейін мұндай толқулар бола бермейді. Иранда негізгі билік сайланбайтын діни басшылықта болғанымен, қоғамда плюрализм кең етек жайған. Бұл парсыларда белсенді және қызу темпераменті бар қоғамның қалыптасқандығының белгісі. Ирандағы кейінгі оқиғалар Таяу Шығыста санаспауға болмайтын жас державаның өсіп келе жатқандығын көрсетеді. Себебі, парсы қоғамының энергиясы өзінің мүддесін қорғауға жететіндігін айғақтады. Ішкі саяси дүрбелеңнің өзі - қарапайым парсы халқының сырттан келетін ықпалға төтеп бере алатындығының кепілдігі екендігін дәлелдеп берді. Ал мұндай энергетикасы бар халықпен аймақта өз мүддесін қорғап, сөзін жүргізе алатын мемлекет құру қиын емес.
Ең қызығы, Ахмадинежадты жеңісімен алғашқылардың бірі боп Ирак пен Ауғанстан құттықтаған көрінеді. Сонымен қатар алғашқы құттықтауларын Иранның антибатыстық лагерьдегі серіктестері Ливия мен Венесуэлла жеткізді. Әртүрлі діни экстремистік ұйымдар да, Ахмадинежадтың жеңісін тойлауда.
Ал, Батыс елдері мен АҚШ әдеттегідей өз «алаңдаушылығын» жасыра алмады. Кейінгі кезде көрінбей кеткен АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш Ирандағы сайлауға «әділетсіз өтті» деген баға берді. Пенсильвания штатына қарасты Эри қаласында сөйлеген сөзінде, Буш Барак Обаманы «Иранға келгенде тым жұмсақтық танытады» - деп айыптады. Себебі, Барак Обама өз кезегінде Ирандағы сайлау қорытындыларына байланысты: «АҚШ Иранның дербестігін құрметтейді және оның ішкі істеріне араласпайды» деген болатын. Бұл да болса, жоғарыдағы айтқан сөзімізді қуаттайтын ақпарат бола алатын сияқты. Егер, Буш дәл қазір билік басында болса, бүгін Пентагонда Ақүйдің иесі бастаған генералдар Иранға жасалатын шабуылдың жоспарын жасап жатар ма еді. Бәлкім, шабуылдан кейін ашуланған Ахмадинежад Вашингтонға Хиросима-Нагасакидің аяғын құштырар ма еді. Бірақ, екі оқиғаның уақыттың қарама-қайшы кеңістігінде өтіп жатқандығынан, адамзат тарихы басқаша дамитындығы айқын болды.
Ендігі әңгімемізді Ахмадинежадтың алғашқы қадамдарын болжау төңірегінде өрбітпекпіз.
Ішкі саясатта
Бірінші қадам ретінде жаңа сайланған ел басшысы дағдарыс жағдайындағы әлсіреген Иранның экономикасын сауықтыруға кірісетіні заңдылық.
Екінші қадам ретінде қоғамдық құрылымды дамытуға көңіл бөлінеді. Біздің ойымызша таяу жылдары Иран қоғамына зайырлы-ислам моделі енгізілетін болады. Оған бүгінгі демократиялық үрдістер, алғышарттар жасағанын жоғарыда айтып кеттік.
Үшінші қадам, ядерлық бағдарламаларды ары қарай жүргізу үшін, елде ғылыми жұмыстарға ерекше назар аударылатын болады.
Сыртқы саясатта
Біріншіден, Иран күшейіп алғанша, Батыспен, әсіресе, АҚШ пен уақытша жанжалдаспау жолын таңдайды.
Екіншіден, Таяу Шығыста, әсіресе, Израиль мемлекетімен достық қарам-қатынас орнатуға талпыныс болмақ.
Үшіншіден, ШЫҰ-на кіретін елдермен және көршілес, шекаралас мемлекеттермен сауда-экономикалық байланысты нығайтуға назар аударылады.
Аталған болжамдар Ахмадинежадтың алғашқы бір жарым жылғы саясаты болады деп топшылаймыз. Кейінгі саясаты әлемдегі саяси-экномикалық жағдайлар мен халықаралық жағдайдың әсерінен өзгеріске ұшырауы әбден мүмкін.
Қазақстан мен Иранның арасындағы қарым-қатынас болашақта достық пен әріптестік жағдайында дамиды. Оған бірқатар саяси-экономикалық факторлар бар.
Біріншіден, Қазақстан мен Иран арасында көптеген жобалар жүзеге асуға бет алды. Оның ішінде Қазақстан-Түркмения-Иран (Парсы бұғазы) мұнай құбырын салу жобасы, Түркмения арқылы Озен бекетінен ирандық Горгон қаласына дейін баратын теміржол коридорын салу жобасы және тағы басқа маңызды еларалық шаруалар бар.
Екіншіден, Қазақстан жағы жаңа қуат көзін алуға болатын ядерлық банк жобасын жасауды құп көреді. Ол дегеніміз Қазақстан мен Иран болашақта ядерлық бейбіт жобаларды бірлесе жүзеге асыруға құлықты деген сөз.
Үшіншіден, мыңжылдықтар бойы қалыптасқан тарихи экожүйедегі ортақ үрдістер екі ел арасындағы ынтымақтастық пен достықты күшейтетіні сөзсіз.