Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
4428 2 пікір 7 Шілде, 2020 сағат 11:56

Қай салаларда жастар көп? Қанша жалақы алып жүр?

Қазақстан жастарының басым көпшілігі сауда және машина жасау саласында жұмыс істейді екен. Ондағы орташа жалақы 184,9 мың теңгені құрайды. Бұл туралы LS сайты жазды. 

Статистика комитетінің мәліметінше, елімізде 15 пен 28 жас аралығындағы жұмыс істейтін 2 миллион адам бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,2%-ға аз көрсеткіш.

Жастардың көп бөлігі сауда және машина жасау саласында жұмыс істегенді жөн көреді екен. Онда орташа жалақы 184,9 мың теңгені құрайды. Бұл бірінші тоқсандағы орташа айлықтан 7,7%-ға аз.

Содан кейін жастардың көп баратын саласы - ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы екен. Онда қазір 241,9 мың адам жұмыс істеп жатқан көрінеді. Статистика комитетінің дерегі солай дейді. Десе де, бұл саладағы орташа жалақы - 105,1 мың теңгены құрайды. Бұл басқа салалармен салыстырғанда ең төменгі деңгей. Ал Қазақстандағы орташа айлықтан 1,9 есе аз көрсеткіш.

Жастар арасындағы ең танымал үшінші сала - білім саласы. Мұндағы  орташа жалақы 154,6 мың теңге. Бұл қазақстандағы орташа жалақыдан 22,8% -ға аз.

Айта кетерлігі, жастар баратын бұл үш сала да қазақстандағы орташа табыс деңгейінен төмен салалар.

Ал, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жастардың саны 7,9% -ға өскен. Мұндағы жалақы 152,4 мың теңгені құрайды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2525
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 688
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 660