Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 4865 7 пікір 7 Шілде, 2020 сағат 13:27

114,8 миллиард теңгенің есебі. Министр Цой не дейді?

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан күні бүгінге дейін коронавируспен күреске Үкімет резерві мен республикалық бджеттен қанша қаражат бөлінгенін және ол қаражаттың қайда жұмсалғанын айтыпты. Есеп беріпті.

Оның айтуынша, пандемия кезінде коронавирус инфекциясымен күрес үшін, оның пайда болуы мен індеттің бетін қайтару үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 114 миллиард 826 миллион теңге бөлген.

Министрдің есебі:

Үкімет резервінен – 40 миллиард 58 миллион теңге бөлінген.

21 миллиард 184 миллион теңге – жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға;

2 миллиард 30 миллион теңге – дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар сатып алуға;

2,5 миллиард теңге – зертханалық жабдықтар, КВИ-ді анықтайтын тест-жүйелерін сатып алуға;

100 миллион теңге – КВИ-ді анықтайтын реагенттер жасау мен шығару қызметтеріне;

13,7 миллиард теңге – ПТР тест әдісімен зертханалық қызмет көрсетуге;

310 миллион теңге – Отандық өндірістегі ИВЛ аппараттарын сатып алуға, жедел-жәрдем көліктерін жабдықтауға;

131 миллион теңге – азаматтарды звакуациялауға жұмсалған.

Респбликалық бюджеттен – 74 миллиард теңге бөлінген.

19,5 миллиард теңге – медициналық ұйымдарда (инфекциялық, провизорлық және карантин стационарларында) қызмет көрсетуге;

40,4 миллиард теңге – карантиндік шараларды өткізетін қызметкерлерге;

14,8 миллиард теңге – Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында үш инфекциялық аурухана салуға жұмсалған.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415