Қазақстанда «халықтық ІРО» бағдарламасы мамырдан ерте жүзеге асырылмайды
Астана. 23 қараша. ҚазТАГ - Қазақстанда «халықтық ІРО» бағдарламасы мамырдан ерте жүзеге асырылмайды, деп мәлім етті «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры Питер Хауз.
«(Компаниялардың акцияларын - ҚазТАГ) бастапқы орналастыру компаниялар жариялайтын жылдық нәтижелерден кейін ғана жүргізіледі. Бәрі дұрыс болса, бастапқы орналастыру мамырда немесе маусымда жүргізіледі, бірақ мамырдан ерте емес», - деді Питер Хаузсәрсенбі күні «Эксперт-100-Қазақстан»экономикалық форумында.
Мұның алдында хабарланғандай, Қазақстанда «халықтық ІРО» бағдарламасы бірнеше кезеңде жүзеге асырылады. Үкімет оған кем дегенде 160 мың жеке тұлға мен ҚР-дағы барлық зейнетақы қорлары қатысады деп отыр.
Акцияларды орналастыру үшін кандидат-компаниялар анықталды: 1-ші эшелон - «ҚазТрансОйл» АҚ, KEGOC, Air Astana; 2-ші эшелон - «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазТеңізТрансФлот» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ; 3-ші эшелон - «Қазақстан темір жолы» АҚ , «Қазтеміртранс» АҚ.

ҚР экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовтың ақпаратына сәйкес, «халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде акцияларды орналастырудың мақсатты индикативті үлесі 5%-тен 15%-ға дейін. Акциялардың нақты санын компаниялардың негізделген ұсынуымен «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесі белгілейді. Халық үшін дисконт жоспарланып отырған жоқ.
«Халықтық ІРО» бағдарламасына үміткерлер «Самұрық-Қазына» қорының 400 еншілес ұйымынан іріктелді.