Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3312 0 пікір 23 Қараша, 2011 сағат 13:55

Сарапшы экологияны қалпына келтіру үшін Ұлттық қордың трансфертін пайдалануды ұсынады

Алматы. 23 қараша. ҚазТАГ - Ақжол Сәдешов. Қазақстандық қор биржасының (KASE) тәуекелдерді басқару қызметінің бастығы Баян Шапағатова ҚР Ұлттық қорының трансфертін осы қордың донор-аймақтарының экологиясын қалпына келтіру үшін пайдалануды ұсынады.

«Ұлттық қордың трансфертін қордың донор-аймақтарының экологиясын қалпына келтіру бағдарламасын жүзеге асыруға пайдалануға болады. Мұнай айдайтын компаниялар Батыс Қазақстанның экологиясын қатты бұзып отыр», - деді ол сәрсенбі күні «Қазақстанның ұлттық қоры және орнықты дамуға инвестициялар» зерттеуінің нәтижелерін жариялау барысында.

«Бұл жерде Ұлттық қордың осы тұрғыдағы мүмкін маңыздылығын кеңейту керек деп есептеймін. Өйткені біздің табиғатымыз да болашақ ұрпаққа қалады», - деді Б.Шапағатова.

Егемен қорлардың донор-аймақтарының экологиясын қалпына келтіру бойынша Б.Шапағатова Алясканың тәжірибесін зерттеуді ұсынды.

Бұдан басқа, ол ҚР Ұлттық қорының қаржысын импорт алмастырушы технологиялардың, соның ішінде инновациялық технологиялар трансфертін жүзеге асыруда пайдалануды ұсынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1164
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2690
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 805
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 778