10 желтоқсанда генерал Курбатов мемлекетаралық іздеуге жариялануы мүмкін – прокуратура
Алматы. 23 қараша. ҚазТАГ - Давид Ян. Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің (ЭҚСЖКД, қаржы полициясы) бұрынғы бастығы Владимир Курбатов үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанынан бастап мемлекетаралық іздеуге жариялануы мүмкін, деп хабарлады агенттікке қалалық прокуратура.
«Нұсқаулыққа сәйкес, іздестіру ісі қозғалғаннан кейін (В. Курбатовтың үстінен - ҚазТАГ) бір ай өткен соң іздеу мемлекетаралық іздеу санатына ауысады», - деп хабарлайды қадағалаушы орган.
Қазіргі уақытта тергеушіге ешқайда кетпеу туралы берген қаржы полициясының генералы үстіміздегі жылдың 10 қарашасынан бастап Қазақстанда ғана іздестіріліп жатыр, деді прокуратура өкілдері.
«В.Курбатов ҚР аумағынан тыс жүргендіктен, оған қатысты қылмыстық іс ҚР қылмыстық процессуалдық кодексінің 50 б. 1 б. 2 т. негізінде тоқтатылды», - деп хабарлайды прокуратура.
Прокурорлар В.Курбатов халықаралық іздеуге жарияланса және оның бір елде жүргені туралы ақпарат рас болып шықса, «қылмыстық қудалау органдарының өтінішімен ол Интерпол арқылы халықаралық іздеуге жарияланады» деді.

Тергеу барысын қадағалауға алған қалалық прокуратураның өкілдері Алматы қаржы полициясының экс-басшысына қатысты қылмыстық істі Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, 2007 жылдың 11 шілдесінде «Нұрбанктің» ұрланған топ-менеджері Жолдас Темірәлиевтің жесірі Армангүл Қапашеваның арызы бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша қаржы полициясының экс-басшысы генерал-майор Владимир Курбатовқа қатысты ҚР ҚК 308 б. 4 б. «в» т. қарастырылған қылмыстың белгілері бойынша (билікті немесе қызметтік өкілеттіктерін асыру) қылмыстық іс қозғады.
Тергеу болжамына сәйкес, «Нұрбанк» ғимаратындағы оқиғадан кейін қаржы полициясының басшылығы Медеу АІІБ-сынан А.Қапашеваның күйеуінің жоғалғаны туралы арызын тәркілеген.
Бұл тәркілеу жоғалған банкирлердің қайда екенін анықтап, олардың өмірін құтқарып қалуға мүмкіндік беретін бастапқы тергеу әрекеттері мен оперативті-іздестіру шараларын жүргізуіне кедергі жасады.