Сенбі, 23 Қараша 2024
2168 1 пікір 9 Шілде, 2020 сағат 11:13

Ресей Украинаны тұтқындар алмасу жөніндегі келісімнен бас тартып отыр деп айыптады

Ресей Украина билігін өзін өзі жариялап алған "Донецк халық республикасы" мен "Луганск халық республикасы" сепаратистерімен тұтқын алмасуда кедергі келтіріп жатыр деп айыптады.

"Киев төрт категория бойынша тұтқын алмасу жөніндегі осыған дейінгі келіссөзден бас тартып отыр. Киев делегациясы тағы екі категория қосуды сұрап жатыр", - деп мәлімдеді Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу жөніндегі үшжақты байланыс тобының ресейлік өкілі Грызлов.

Ол мұндай іс-әрекеттер тұтқын алмасу процесін тежейді деп атап өтті.

Украина тарапы бұл мәлімдемеге әзір жауап бермеді. "РБК-Украина" агенттігінің жазуынша, Киев Минск форматы келіссөзінде "бәрін бәріне" ұстанымы бойынша барлық тұтқынды босатуды талап еткен.

7-8 шілдеде Донбасс мәселесіне қатысты байланыс тобының кезекті отырысы өткен. Келіссөз коронавирус эпидемиясына байланысты онлайн режимде өтіп жатыр. Келесі отырысы 22 шілдеге белгіленді.

Биыл сәуір айында Киев пен өзін өзі жариялап алған Донбасс тұтқын алмасқан. Украина 14, сепаратистер 20 тұтқынды босатқан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435