Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
4917 4 пікір 16 Шілде, 2020 сағат 17:27

Қытай Қазақстанға дәрігерлердің екінші тобын жібереді

Қытай Қазақстанға дәрігерлердің екінші тобын жібереді. Бұл туралы  Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының елшісі Чжан Сяо мәлімдеді.

Қытай дәрігерлерінің бірінші тобы Қазақстанға сәуір айында келген еді. Қытайлық 10 дәрігерден тұратын топ 9 сәуірден бастап 15 күн Қазақстанда болды.

- Пандемия келеді, кетеді, ал біздің арамыздағы достық пен ынтымақтастық мәңгілік құндылықтар болып қала береді. Біз түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыта береміз, Қытай гуманитарлық көмек жолдауды жалғастырады, соның ішінде Қазақстан халқы бұл зауалдан тезірек құтылып, қалыпты өмір сүру салтына оралуы үшін өз дәрігерлерінің екінші тобын COVID-19-бен күресу үшін аттандырады, - деп жазды ҚХР елшісі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1377
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2958
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1024
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 962