Сенбі, 23 Қараша 2024
2404 3 пікір 16 Шілде, 2020 сағат 18:55

ДСМ коронавирусты анықтайтын ПТР тестін әлі сатып алған жоқ

Денсаулық сақтау министрлігі маусым айының соңында сатып аламыз деп уәде еткен коронавирусты анықтайтын 1,2 миллион ПТР тесті әлі сатып алмаған болып шықты.

Бұл бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев берген брифингіде мәлім болды. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі «оны алдағы уақытта сатып аламыз» деп уәде етті.

«Тиісті тест жүйесін, оның ішінде отандық тауар өндірушілердің тест жүйесін сатып алуға дайындық жүріп жатыр. Ұлттық сараптама орталығында отандық тест жүйесін қолдануды жоспарлап отырмыз. Үкімет резерві аясында 1,2 миллион тест жүйесін сатып алу жоспарланып отыр. Тест жүйесі бұл жолы отандық өндірушілерден сатып алынатынын ескерсек, оған осы салаағы барлық тауар өндірушілер қатыса алады», – деді Тимур Сұлтанғазиев.

«Қазір тиісті процедуралар жүріп жатыр. Жақында тест жүйелер сатып алынуы керек», – деп қайырды ол.

Тимур Сұлтанғазин 1,2 миллион ПТР тест жүйесі мен 20 ПТР анализатор сатып алу үшін 15,6 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

Malim kz ПТР тестердің тапшылығы мәселесін 22 маусым күні көтеріп, денсаулық сақтау министрлігіне хабарласқан. Бүгін қызметінен кеткен денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп сол тұста «коронавирусты анықтайтын тестерді министрлік сол аптаның ішінде сатып алатынын» айтқан. Malim kz бұл мәселе бойынша маусымның 22-сі күні Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне бірнеше сұрақ жолдаған. Біз бұл тестер қашан сатып алынатынын және оған ақша бөлінген-бөлінбегенін сұраған едік. Баспасөз қызметінен әлі күнге дейін жауап келмеді, ал министрліктің баспасөз хатшысы Гаухар Бисарина сұрағымызға жауапты кімнің дайындап жатқанын да нақтылап айтпай, мессенджердегі хабарламаларымызға жауап бермей отыр.

18 маусым күні сол тұстағы министрдің орынбасары Ляззат Ақтаева 1,2 миллион тестің сатып алынатынын мәлімдеген. 30 маусым күні жаңадан министр болып тағайындалған Алексей Цой 1,2 миллион тест жақын уақытта сатып алынады деп уәде берген.

Дереккөз: malim.kz

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5541