Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
4428 6 пікір 16 Шілде, 2020 сағат 19:39

Көпбалалы ана ауруханаға күнде 10-15 литр тегін саумал әкеледі

Көпбалалы Мейрамгүл Мұқаева Алматы облысындағы Панфилов аудандық аурухананың провизорлық бөлімде ауырып жатқан науқастарға тегін саумал әкелуде.

Панфилов ауданындағы Шолақай ауылының тұрғыны Мейрамгүл Мұқаева күнде таңертең ауруханаға 10- 15 литр саумал жеткізеді. Бұдан бөлек сауыншы апаның үйінен саумал ішетіндердің де қарасы көп.

«Қазір еліміз қиын кезді бастан өткізіп жатыр. Жерлестерім, жақындарым аурып жатқанда менің қолымнан келетін көмегім осы. Саумал барлық ауруға шипа. Сондықтан ауруханаға көмек етейін деп шештім»,- дейді көпбалалы ана.

Ал, аудандық бас дәрігер Төлеу Сарпеков саумалдың науқастарға пайдасы бар екенін айтады.

«Қазір саумал келген бойда емделушілерге нормамен беріп жатырмыз. Осы орайда Мейрамгүл апамызға аурухана ұжымы атынан алғыс білдіремін»,- деді ол.

1964 жылдан бері бие байлап, саумалың емдік қасиетін пайдаланып келе жатқан сауыншы бес бала тәрбиелеп, немерелеріне жылқы малының пайдасын үйретумен келеді.

Дереккөз: ҚазАқпарт

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1380
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2960
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1025
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 963