Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Мәлімдеме 6419 25 пікір 18 Шілде, 2020 сағат 16:14

«Аз қазақ қырылып қалмасын десек, той-думанды тоқтатыңыздар»

Белгілі дінтанушы ғалым Қайрат Жолдыбайұлы қазақстандықтарға үндеу жасап, індеттен сақтану үшін той-думанға, діни рәсімдерге уақытша бармауға шақырды. 

- Ардақты ағайындар! Қазіргі індетке байланысты мен сіздерге маңызды бір үндеу тастағым келіп отыр. Жаназа көбейді. Күн сайын қаралы хабарды естіп, жүрегіміз ауырып, көңіліміз құлазып, қабырғамыз қайысуда. Өкінішке орай, әлі күнге дейін ауыл-ауылда, тіпті қалаларда құдалық сияқты той-томалақ әлі үзілмей тұр, жалғасып жатыр. Соны доғарыңыздар. Болмайды... Себебі сол құдалыққа, сол қуанышқа келген кісілердің арасынан осынау дертке шалынып, қаншама адам мына дүниемен қоштасып жатыр. Сондықтан тойды, томалақты, құдалық сияқты рәсімдерді доғарыңыздар. Қазір жаназа көп, құрметті ағайындар, ет жақыны болмасаңыздар, жаназа рәсімдеріне бармаңыздар.

Құрметті жаназа иелері, ағайын-туысқа: «біз сіздерді түсінеміз, жаназаға келмей-ақ қойыңыздар. Мына індет біткеннен кейін, өлімге қатысты барлық рәсімді жасаймыз, сол кезде келесіздер» деп айтыңыздар. Құрметті ағайындар, аз ғана қазақ қырылып қалмасын десек, той-думанды, құдалық сияқты рәсімдерді тоқтатыңыздар. Жаназаға бармаңыздар, - деді ғалым.

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1252
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2778
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 901
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 849