Сенбі, 23 Қараша 2024
3886 4 пікір 20 Шілде, 2020 сағат 10:37

Нұр-Сұлтан Ресейдің Тәжікстандағы азаматтарынан Қазақстан аумағынан өтуге $1500 сұрады

Қазақстан билігі Ресейдің Тәжікстандағы азаматтарына автокөліктерімен республика аумағы арқылы өтуге рұқсат берді.

Бұл туралы Ресейдің Худжандтағы бас консулдығы хабарлады.

Ресей төлқұжаты бар 700-ге жуық азамат (олардың дені қос азаматтыққа - Тәжікстан және Ресей төлқұжатына ие) маусым айының ортасында тәжік-өзбек шекарасына келген, бірақ оларды шекарадан өткізбеді. Тәжікстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Ресей, Өзбекстан және Қазақстан билігі бұл азаматтардың елге жету шарттарына келіскен.

Бас консулдықдың мәліметі бойынша, бір ғана жеңіл автокөлік Қазақстан аумағы арқылы өту үшін 1500 доллар төлейді: жеңіл автокөліктерді жүк көліктерімен тасиды, ал жүргізушілер мен жолаушылар автобуспен барады. Өзбекстан аумағы арқылы жеке автокөлікпен жүруге рұқсат - полиция оларды алып жүру үшін әрбір көлікке 40 доллар алады.

Дипломаттар транзиттің осы түрін таңдағандар арнайы қағаз толтыруын сұрады. Транзиттің мұндай түрі Ресей азаматтары мен олардың Ресей нөмірі бар автокөліктеріне ғана арналған.

Бұның алдында Ресей Тәжікстандағы азаматтарын алып кету үшін бірнеше рейс ұйымдастырған. Сол кезде құны 400 евро тұратын әуе билетіне ақшасы жоқ еңбек мигранттары Ресейге орала алмаған. Оның үстіне олар Ресейге өз автокөліктерімен баруы керек еді.

Маусым айының басында Ресейден қайтқан Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары осындай қиыншылыққа тап болды. Шекарада жүздеген адам жиналып қалды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499